Астанадағы күйші-композиторлар аллеясында домбыра мүсіні орнатылды

Астанадағы күйші-композиторлар аллеясында домбыра мүсіні орнатылды

 – Елордада дауылпаз күйші Дина Нұрпейісованың ескерткіші жанында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыз мейрамы бата беру рәсімімен басталды. Игі шараға жиналған жұртшылыққа қала тұрғыны, еңбек ардагері Өтеген Нәсіпұлы ақ батасын берді.

photo

 

Бүгін күйші-композиторлар аллеясында қазақтың ұлттық аспабы – домбыраның мүсіні орнатылды. Қадірменді мейман ретінде домбыра мүсінінің ашылу салтанатына қатысқан Халық Қаһарманы, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров құттықтау сөз сөйледі. Ол ұлттық құндылықтарымызды және қазақтың киелі домбырасын қадірлеу мен насихаттау бағытындағы жұмыстарға бәріміз де атсалысуымыз қажет екенін айтты. Өскелең ұрпақ халқымыздың тарихы мен рухани-мәдени байлығын санасына сіңіре білуі үшін осындай бастамалар жалғасын таба беретіні жөнінде пікір білдірді.

photo

 

Жиналған қауым атынан Т. Әубәкіровтің иығына оқалы шапан жабылды. Өз кезегінде Тоқтар Оңғарбайұлы көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, «елімізді көркейту жолында қызмет етіп жүрген жастар халықтың алғысына бөленетін болсын» деген ниетпен өзіне берілген шапанды Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлына тарту етті.

«Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Дина ескерткіші маңында музыкалық субұрқақ орнату жоспарымыз бар. Бұл жер демалыс аймағына айналмақ. 24 сағат бойы қазақ композиторларының күйлері мен әндері орындалатын болады. Әр азамат өзін Қазақ елінің азаматы екенін сезінуі үшін осындай істер қолға алынып жатыр. Өнер ұжымдарының күй тартуына арналған ашық сахна алаңын салу көзделіп отыр. Игі бастаманы қолдаған сіздерге көп рақмет», - деді «Күй анасы» республикалық қорының жетекшісі Төлеген Қуанышев.

photo

 

Қоғам қайраткері, журналист Серік Ерғали халқымыз үшін Наурыз мейрамының маңызы ерекше екенін айта келіп, төл өнеріміз бен ұлттық аспаптарымызды дәріптеп, жас ұрпаққа жеткізуге бәріміз де үлес қосуымыз қажеттігін атап өтті.

Ел азаматтары күйші, композитор Дина Нұрпейісованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, күйші-ұстаз Орынбай Дүйсен қолына домбыра алып, Динаның «Тойбастар» күйін тартып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Ұлттық мерекеге орай, мәдени іс-шараны Астана қаласы Алматы ауданының әкімдігі, «Ұлттық мүдде кеңесі» қоғамдық бірлестігі және «Күй анасы» республикалық қоры ұйымдастырды.

 

inform.kz
23.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 231
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 368
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 367
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 601
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 541

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9243
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8640
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11866
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9638
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10848