Атадан қалған асыл мұра

Атадан қалған асыл мұра

Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнері, оның ішінде – ши тоқу. Ши тоқу (орау) – бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге дейін кеңінен пайдаланылып келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ басын қоршай қоюға әртүрлі үй шаруашылық мүддесіне кеңінен пайдаланылады. Этно-фестивальде «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи ұлттық қорық-мұражайының қор сақтаушысы – Бақыткүл Баймағамбетова ұлттық қолөнеріміздің осы бір күрделі саласының қыры мен сырын баяндады. – Қазақ халқының қолөнері саласында ши тоқу, оған боялған түрлі-түсті жүн орап, өрнектеп безендіру ісі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши сырт көрінісіне қарай – ақ ши, ораулы ши, шым ши болып үш топқа бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз орнымен әртүрлі мақсатқа пайдаланылады. Атап айтқанда, қабығынан тазартылған ақ ши көбінесе құрт, ірімшік т.б. жаю үшін қолданылатын болса, ұзына бойы әр түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарының бірі болып табылады. Ал өн бойы тұтас емес, әр жерінен аралатып оралған шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды. Бұл да ши сияқты сәндік жиһаздарының бірі. Халқымыздың шиді үйге тұтынуының тағы бір қажеттілігі – улы жәндіктерден қорғануы. Ши тұтылған үйге шаян, жылан, қарақұрт кіре алмайды. Өйткені шидың сырты жүнмен оралады. Әлгіндей жәндіктер жүнге жоламайды екен, – дейді Бақыткүл Боранбайқызы өз әңгімесінде. 

ІЗТАЙ БЕЛГІБАЙҰЛЫ
11.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540