Аталар аманатының оралуы немесе қазақ халқының болашағы қалай болмақ?

Аталар аманатының оралуы немесе қазақ халқының болашағы қалай болмақ?

Аманат туралы қай қазақтан сұрасаңыз да міндетті түрде «Аманатқа  қиянат жасама» немесе «Біреуден алған – аманат, берсең жақсы саналады. Жанжал қусаң – бақ кетер, басыңа қонар жаман ат» деп айтары анық. Әсіресе қазақтың күнделікті тіршілігінде бұл ұғым адамгершілік белгісі ретінде қолданылады. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне үңілсек,  «Орындауға тапсырылған міндет, өсиет» деген ұғым берілген екен. Ал «аманат» сөзін естіген әрбір қазақ айтылған сөздің орындалу керектігін біледі, ал естуші діндар болса, басқаларға қарағанда аманаттың орындалу жауапкершілігі Құран Кәрім аяттарымен бекітілгенін ұғатыны сөзсіз. Себебі «Ахзаб» сүресінде «Расында, біз бұл аманатты (яғни адамзатқа тән бүкіл жауапкершілікті) жеті қат аспанға да, жерге де әрі тауларға да (мойындарыңа алыңдар деп) ұсындық. Алайда олар оны алудан бас тартты,  өйткені оны лайықты деңгейде алып жүре алмаудан қорықты. Сөйтіп оны адам өз мойнына алды, өйткені ол (өзіне) өте зиянкес әрі барып тұрған надан еді» (С-33; 72-аят.). Осы аятта Алла Тағала адам баласын өзіне зұлымдық етуші және өзіне келгенде өте надан деп суреттеген. Бұлай айтылу себебі адамзаттың өз мойнына аманатты арқалауынан емес, керісінше, аманатты арқалау – үлкен абырой және қасиеттілік. Осындай жауапты міндетті мойнына алғанымен, айтқанын кейде орындамай қиянатқа жол бергендіктен адам баласы Құранда осылайша сипатталып тұр. Демек аманатқа берік болу – кез келгеннің қолынан келе бермейтін шаруа. Қаншама адам осылай аманатқа қиянат жасап жатады. Оның зардабын тартқан адам қиналысқа түсіп, жапа да шегеді. Ал жүрегінде шаңның тозаңындай иманы бар адам теріс әрекетке бармайды. Ендеше иман ғана адамды аманатшыл етеді.

 

Сырын бүккен қасиетті 4 кітап

Қазақ даласындағы Аманаттың орындалуы Қожа Ахмет Яссауи заманында болған өзгеше бір қоғамдық өзгеріске ие болған сияқты. Оның Арыстан Бабтан «аманат құрмасын» талап етуінің өзі үлкен рухани және тарихи құбылыс. Мұндай аманатты беру – алу мәртебесі өзге әулиелердің де заманның ғалымдарының да өмірінде қайталанбаған дүние. Ендеше біздің заманымызда да кейбір ғалымдарға осындай аманаттың берілуі әбден мүмкін. 

Бірде біздің өңірге сонау Түркістан қаласынан халық арасында жазған ғылыми еңбектерімен елге танымал Әбділда деген бел ортасы жасқа келген ғалым келе қалды. Біз оны өзі Қожа Ахмет бабаның ұрпағы болған соң бейне бір сол кісі жібергендей күтіп алдық. Расында да оның сол әулиелердің аянымен келгені белгілі болды. Оған Бекет Атаның ұрпақтары аталары мирас етіп қалдырған «Құран кәрімнің» сырын ашуды аманаттаған болатын. 

Маңғыстау өңіріне іссапармен келген ұстазбен кездесіп, уағыз-насихатын тыңдауға әсіресе баспадан жаңа шыққан соңғы кітабы бойынша сұрақтар қойып ой бөлісуге Ақтау қаласында өткен бірнеше кездесуіне қатыстық. «Ар-Рахман» мешітіндегі кездесу соңында «Бекет Ата ұрпақтарының» аманаты туралы сұрағанды жөн көрдік. Ұстаз аманат кітаптың «Қара құран» атанғанымен қара былғары қаптаманың ішінде төрт кітаптан тұратындыған  айтты. Біріншісі: «Құран карим және оның тафисирі»; екіншісі: «Емнама»; үшіншісі: «Жұлдызнама»; төртіншісі: «Тылсым дүниенің сыры». Әр кітаптың көлемі 200-250 бетке шамалас. Оларды шағатай тілін білетін адамдардан 3-4 топ құрып, мамандалған адамдар аударғаны жөн болатын шығар. Кітаптардың аттары айтып тұрғандай баяндайтын саласы да әр түрлі, бірақ атамыздың мектебінде халыққа жан-жақты шынайы қызмет көрсететін шәкірттер дайындалғаны көрініп тұр. Қысқаша сипаттамасын баяндап болғасын әңгімесін жалғастырып, «мен бүгінгі кездесудің ең маңыздысын сіздерге айтып, сүйінші сұрағалы тұрмын» деуі мұң екен, жиналғандар «сүйіншіңе не сұрайсың, хабарыңды айта бер» деп демеп жатыр. Ұстаз жүзінен рухани толғаныс сезіліп, ал бірнеше тыңдаушылардың көздеріне жас үйірілді. 

 

Аян арқылы келген  сүйінші-хабар

Түркістан жерінде де қария кісілер талай аян-түс көріп, «Қазақ елінің рухани қайта көгеретін, өнетін жері – Маңғыстау жері. Сен сол елге барып, ақсақалдарының ақ батасын алып қайт, Һәм сенің бұдан кейінгі алғашқы жұмысың Бекет атаның артында қалған аманатын елге таныт. Әуелі Құтыптың ұрпақтарының рұқсатын ал. Өткенде көрген түсіңнің де ақиқаты осы болмақ» деді. Иә, түс көргенім рас еді. Тіпті бұл түс емес, өң мен түстің арасы болатын. Бұдан бұрынырақ Бекет әулиеге алғаш зияратқа келгенмін. Алланың сәтін салғаны осы болды. Тура Оғландыға жетіп қалғанда көлікте отырып мүлгіп кетіппін. Түсімде қоржын там секілді бір үйдің ішінде тұрмын. Қарсы алдымда орта бойлы, арық келген үстіне ақ шапан, басында орта ақ сәлде ораған бір Пайғамбар жасында бір қария кісі тұр. Қолында аса таяғы бар. Бір қызығы аса таяқ жіңішке, не көкшіл, не қаралау келген темір еді. Маған біраз насихат айтты. Есімде қалғаны бір-екі ауыз сөзі еді. Әуелі «Әй, бала! Мына жер тым тар болып кетті» де әлгі темір аса таяғымен айналасын әлгі тұрған үйдің төбесін нұқып көрсетті. Сосын «Әй, бала! Тар болған осы жерді кеңейтсейші!» деді. Оянып кетсем Оғландыға келіп қалған екенбіз. Мен көрген түсті қалай жоритынымды біле алмай, Ақтауға қайтқанымда ұзақтан бір кісіні көріп, сол кісіге жолыққым келді де тұрды. Жанына жақындап ол кісімен танысқанымда Бекет атаның жетінші ұрпағы болып шықты. Мен әй-шәй жоқ «Атаның артында қалған аманат кітаптары бар ма?» дедім. Ол «Пақыржан ұстазы берген «Қара» Құраны мен бір-екі кітабы бар» деді. Бардық, расында бар болып шықты. Сол кезде ғана мен бейшара әлгі түстің мәнін түсіндім. Дереу ұрпақтарына жармасып: «Мен осы кітапты аударып, өңдеп шығарсам» деп қолқа салдым. Олар «Ақсақалдар шешеді» деді. Енді алдарыңызға келіп тұрғаным осы еді. Бір қызығы сол күннен бастап ата маған ең жақын адам болып көрініп кетті. Тіпті көп жылдар бірге болып артынан хабар-ошарсыз кетіп енді іздеп келіп тұрғандай сезімде болдым. Басқа да қызықтар бар, уақыты келсе айта жатармыз. Енді осы түс маған Алладан берілген аян аманат» деп сөзін тәмамдады. 

«Ар-Рахман» мешітінің бірнеше жамағаты жыл сайын Рамазан айының соңғы онкүндігінде қасиетті мекендерге барып итиқафқа отыруды үлгі тұтатын. Соңғы 5-6 жылдың ішінде Маңғыстаудағы Қараман Ата, Шақпақ Ата, Сұлтан үпі, Шопан Ата ал, соңғы екі жылда Иерусалим, Мекке, Мадина қалаларында болған еді. 2019 жылы Қадір түнін Кағбада өткізген қажылар тобы тахажут намазы мен таң намазының арасында бірі түс, бірі дауыс естігендерін мешіт имамы Айдосқа хабарлаған болатын. Енді міне осы жиналысқа қатысып, Ғалымның сөзін Мұхиден ұстаз аузынан естіген «зияаршылар тобының» өкілдері әлгі хабарды тыңдағаннан бастап көздеріне жас үйіріліп, имамның сөзін мақұлдап бастарын изеп жатты. Олардың (жылауықтардың) естіген сөз мәтіні: «Қазақтың батысында руханият шырағы жанды; Бекеттің шырағы жанды; Руханият шамшырағы жанды» деген сөздер болған. Алла Тағала түс аманатының сәттілігін бергей!  

Аманатқа дін тұрғысынан қарайтын болсақ, Ғұлама Мұхаммед Али әс-Сабуни аятта айтылған аманат сөзін «ақыл-ой иесі ретінде саналы түрде мойынсұну, діни міндеттерді орындау, сол жауапкершіліктің мүдесінен шыға білу» деп тәпсірлеген (Сафуатут – тафсир).

Хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аманат ұғымына қатысты бірнеше хадис қалдырған: «Екі жүзді адамның үш белгісі бар: сөйлегенде өтірік айтады, уәде берсе орындамайды, аманатқа қиянат жасайды» (Имам Бухари, Мүслим риуаят еткен). «Аманат жоғала бастағанда қиямет жақындайды. Істерді лайық болмаған адамға тапсыру – аманатты жоғалту болып  табылады» (Имам Бұхари риуаят еткен.)  немесе «Аманатты сақтау ризықты арттырады, ал қиянат кедейлікке жол ашады»  деген  хадистерінде де терең мағына жатыр. Аманатқа қиянат жасаудың соңы жақсылыққа апармайтыны тілге тиек етіледі.

 

Иманның кәмілдігін  көрсететін сөз

Аманатты сақтаған адам өзінің ырыс-берекесін де арттырады. Еселеп нығметке кенеледі. Сондықтан Алла тағаланың адамға бұйыртқан бұл сипаты жақсылыққа бастауы тиіс. Оны бар мұсылман қауым да түсінуі керек. Егер адам бұл жолдан тайса, оның зардабын тартатынын  санаға сіңіруі тиіс.

«Алла және Оның расулы аманатты сақтайтын адамды жақсы көреді» (Табарани риуаят еткен) деген хадистен бұл Алла тағалаға да, Оның  Елшісіне (с.ғ.с.) де жағымды іс екенін көреміз.

Соңғы 20 жылдық мерзімде ҚМДБ ақпарат жүйесінде  жариялаған мақаларда, уағыздарда аманат туралы айтылғандарын саралай келе менің түйгенім: 

Аманаттың пайдалары:

Иманның кәмілдігін көрсетеді.

Адамды және қоғамды берекелі етеді.

Аманат өз деңгейінде орындалса, діннің құндылықтары, адамдардың құқықтары, мал дүниесі сияқты қоғам иелік еткен заттар сақталады.

- Аманатшыл адам Алланы жақсы көретін болады.

- Қоғам арасында орыны биіктеп, оны адамдар жақсы көреді.

Аманаттың түрлері:

Алла түсірген дінді толық ұстану, бұл – намаз, ораза, зекет сияқты дініміз міндеттеген құлшылықтар. Міндеттерді орындау туралы Құран Кәрімде: «Олар дүниеден өткеннен кейін, орындарына (ұрпақтары) намазды тастап, нәпсіге берілгендер келді. Бұлар қияметте азғындықтарының жазасын тартады. Ал, кімде-кім тәубе етіп, иман етіп, жақсы істермен шұғылданса, олар Жәннатқа кіреді, ешбір әділетсіздікке ұшырамайды» («Мариям» сүресі, 59-аят);

Дене мүшелері мен ағзаларды сақтау. Яғни, ағза мен мүшелерін Алла риза болатын істерге ғана пайдалану. Мысалы, көзбен харамға қарамау, құлақпен Алланың ашуына ұшырататынды тыңдамау, т.б.  Қасиетті Құран Кәрімде: «Алла Тағала сендерді аналарыңның құрсағынан ештеңені ұқпайтын қалыптарыңда шығарды да, шүкірлік етсін деп құлақ, көз, ой-сана берді» («Нахл» сүресі, 78-аят);

Ар – аманат. Бұл арды арсыздықтан сақтау, ұятты болу. «Расында, Алла әділ болуды, жақсылық істеуді, жақынына қарайласуды бұйырады, һәм арсыздықтан, жексұрындықтан, зорлық-зомбылықтан тыяды, тәлім алсын деп Алла сендерге насихат береді», («Нахл» сүресі, 90-аят).

Иелік немесе басшылық еткеніңе аманатпен қарау. Өйткені, кісі өзінің бақташылық еткенінен сұралады. Әбу Умамат әл-Баһилиден рауиат етілген хадисте: «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) қоштасу қажылығы жылы насихат айтып тұрып: «Уақытша алынған зат – қайтарылуы тиіс, кепіл адам – жауапты, қарыз  өтелсін» дегенін естідім», – дейді.

Істеп жүрген жұмыс немесе қызмет – аманат. Адам істеп жүрген жұмыс, күнделікті тауып жүрген нәпақасы болғандықтан, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуі тиіс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Расында, Алла Тағала бір істі бастап соңына дейін жеткізген адамды жақсы көреді», – деген.

Сыр сақтау – аманат. Аманат етіліп айтылған немесе кенеттен кісінің сырын біліп оны басқаға ашпай сақтау мұсылманның міндеті. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жайында: «Жұбайының жасырын сырларын басқаларға айту – аманатқа қиянат жасау болып табылады», – деп тыйған. 

Сөз – аманат. Яғни, кісінің жақсы сөз сөйлеп, жаман сөзден, тілін сақтауы.

«Шын! Мен Мұсылмандарданмын» деп, Аллаға шақыра отырып ізгі іс істеген кісіден сөз тұрғысынан жақсы кім бола алады?».

Жанұялы болу – аманат. Жанұяның жағдайларын реттеп, оларға көңіл бөлу – отағасына аманат. Сахих хадисте: «Сенің мойыныңда жанұяңның ақысы бар. Ендеше, әрбір хақылы адамның хақысын бер» деген.

Ендеше, аманатқа берік болу – ең алдымен,  Алланың әмірі кейін адамшылық белгісі. Мұсылмандық сипатта да осы қасиет басымдыққа ие болады. Ары мен намысын жоғары қоя алмайтын адам қашанда адасады. Басқаның алдындағы уәдесінен таяды, аманатына қиянат жасайды. Бұл қасиет бүгінгі күні де аса қажет. Адамзат аманатқа берік болып, сол  жолдан таймаса екен деп тілейміз.

 

Екі қозысын бір отарға айналдырған қасиет

Аманат туралы сұхбат-әңгіме мысал ретінде ұстазым Құлтөре ақсақалдың айтқаны.   «Ауылымызда 80-жылдары болған жәйтті айта кеткім келеді. Тұрсынбай аға өз шаруаларымен қала барып ауылға қайтуға ақшасы жетпейді. Ауыл алыс, тіке жүретін көлік тек автобус. Содан қалада тұратын таныс тумалас інісі Даниярға соғып шаруасын айтады. Данияр ағасына қалтасындағы  60 сом ақшасын береді. 

– Бауырым, Данияр, мынауың көп қаржы. Маған ауылға жететін ақша болса болады. Оның үстіне мұны қайтарудың өзі маған қиын. Ақша жинай алмаймын, колхоздан алатын табыстың көлемі мардымсыз. 

– Аға, қайтармай-ақ қойыңыз, менің сізге сыйлығым болсын, кезінде талай еркелеттіңіз ғой. 

– Жоқ, інім, әр нәрсенің қайтарымы болады. Мен жасым егде тартқанда қарыз сұрай келіп отырмын ғой.

– Аға, тіпті бергіңіз келсе мына үйде жүрген екі кішкентайларға арнап ауылға барғасын екі қошақанға ен саларсыз» деп әңгіме аяғын әзілге бұрады. Әңгіме сонымен бітті. Еліміз тәуелсіздігін жариялап өндіріс жаңаша дамып, жатқан кезінде Тұрсынбай аға сырқаттанып облыстық орталықтағы ауруханаға тексерілуге келеді. Қарап отырса кешегі мектепке барған Даниярдың балалары үлкен азамат болып өсіп, Тұрсынбай ағаны баратын жеріне апарып, кездесетін адамдарды көрсетіп қолғанат бол құрақтай ұшып жүр. Үлкені жас маман, жұмысқа орналасыпты, жақында үйленетін көрінеді. Жаңалықты естіген Тұрсекең   «Данияр-ау, біздің үйде балаларыңның еншісі бар ғой. Сол малды неге тойыңа жаратпайсың? Тойыңды атқарады ғой», – депті.

– Ол қандай енші, аға?

– Айналайын-ау, баяғыда өзіңнен ақша алып, ақысына екі қозыға ен салдым. Сол екі қозың бүгінде бір қора қойға айналды. Данияр өзі білмейтін бір отар қойы бар екеніне таңданып.

– Аға-ау, малдың бағымы мен күтімін төлегенде нешеуі қалады деп әңгіме соңын әзілге бұрып еді, ағасы 

– Кезінде ырымдап «балалардың еншісі» болсын деп ен салғам. Соның көбейгені ғой. Керегіңше көлігіңді жібер де, алып кете ғой. Менің өз малым өзіме бұйырса сол жетеді.

Содан Данияр бастық малын алдыртып, баласының тойын өткізді» деп әңгімені аяқтай келе «аманат» деп айқай-шусыз-ақ Алла т.а. ризашылығы орындаған.

Қазақтың оқымаған қарапайым ақсақалының адалдығына сүйсіне отырып, «Аманатқа адалдық», қанша уақыт өтсе де малдың басына тиіспей, өз дүниесінен артық көріп бағып, өсіргені таңқалдырды. 

 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Қазақ жұртының батысында руханият шырағы жану; Бекеттің шырағы жану; Руханият шамшырағы жану»  деген сөз ол – аманаттың қайта оралуы. Аманаттың қараңғылық басқанда шығыстан жарқырап күннің қайта шыққаны. Ол аманат, ол руханият – қазақтың тілі, алаштың ділі, мұсылман жұртшылықтың діні, кешегі сақ пен ғұннан жалғасқан жалпақ елдің салты мен дәстүрі. Өткен заманның құм белдерінде көміліп қалған тарихы мен үстірт тауларында жасырынып қалған мәдениеті. Ауыз әдебиеті мен дастан-жырлары. Руханиятта үш жүз алпыс екі әулиелердің қайта оянуы. Құдай қаласа Құтып Бекет пірдің аманаты осы руханиятқа қақпа болмақ. 

 

Базарбай АБДИРАХМАНОВ
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601