Аталар өсиеті

Аталар өсиеті

• Егер жақсы өмір сүргің келсе, жақсы адамдарды ізде, ал жақсы адамды тапқың келсе, жақсы сөйлеп, адамдарға жақсылық жасап жүр.

• Жақсылықты жақсы адам ғана бағалап, қадірлей біледі.

• Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы мен мақсаты жоқ адам ғана кедей. 

• Адамды тәрбиелейтін – қаталдық емес, мейірімділік пен қайырымдылық.

• Адам қызғаныштан тез қартаяды, реніштен ауру пайда болады. 

• Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа – ақыл қос, ашушаң адам жүдегіш келеді.

• Әр қиындықта – жеңілдіктер, әр көз жасында – қуаныш, әр сабырлылықта – абырой бар. 

• Адам басына бақтың қонғанын білмейді, ұшқанын ғана біледі. 

• Бақыт – жарыңыздың адалдығы, бала-шағаның амандығы, отбасының татулығы.

• Өзгенің қателігін сынаған адам өзінікін байқамайды. 

• Ақылды адам біреудің кем-кетігін түзеп жүреді, ақымақ біреудікін жіпке тізіп жүреді. 

• Сараң адам алғанына, жомарт адам бергеніне қуанады. 

• Сөйлей беретіндер көп, мағыналы сөйлейтін адамдар өте аз. 

• Басқалардың бақытына қуанып жүретін адам, бір күні өзі де бақытқа жетеді.

• Біреулер тірі жүрсе де – жоқ сияқты, біреулер қайтыс болса да – өмірде бар сияқты. 

• Өмірдің жеті кереметі: көру, есту, сезу, сөйлеу, ойлау, қуану және сүю.

• Жаман қасиетіңді іздеген адам жақсы жақтарыңды көре алмайды.

• Айтылғанша сөзге – өзіңіз қожайынсыз, айтылған соң сізге – сөз қожайын. 

• Сөз – ұлы құдірет, ұлылығы сөзбенен адамды татуластыруға да, жауластыруға да болады.

• Сөзді байқап сөйле, уақытты босқа өткізбе, мүмкіндікті жіберіп алма.

• Әйеліңмен дос бол – үйіңе береке кіреді. Азаматпен дос бол – қадіріңді біледі. Білімдімен дос бол – сасқанда ақыл береді. 

• «Кешірімді» екен деп, адамдарды ренжіте беруге болмайды.

• Ұйықтар алдында бәрін кешіріп, таза жүрекпен ұйықтаңыз.

 

Айбол БИТУҒАНОВ, зейнеткер ұстаз
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3647
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3852
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18779
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17457
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20890