«Атамекен» палатасы қала ма, таратыла ма?

«Атамекен» палатасы қала ма, таратыла ма?

            Zoom форматында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасын трансформациялау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.  Отырыста талқыланған мәселенің бірі – палатаның жұмысын сақтап қалу болды. Палатаның Алматыдағы өңірлік кеңесінің басшысы Максим Барышев: «ҰКП жұмысын жалғастыру туралы мәселе өңірдегі съездің күн тәртібінде болған. Барлығы бірауыздан ҰКП-ны қалдырып, оны реформалау керек деп дауыс берді. Бүгін де шарамызды жалғастыру үшін осындай мәселені дауысқа шығаруды ұсынамын»,  – деді. Сонымен бірге, Қайталама металлургия өнеркәсіпшілері одағының төрағасы Владимир Дворецкий: «Мұндай тақырыптың көтерілуіне негіз бар, сондықтан оған жан-жақты талдау жүргізу қажет. Менің ойымша, қазір елде мүмкіндіктер терезесі пайда болды, біз оны міндетті түрде пайдалануымыз керек. Қазір ренжитін уақыт емес, барлық фактілерді жайып салып, тиісті шешімдер қабылдануы керек, бүгін күш салсақ, бір жылдан кейін мүлдем басқа елге айналарымызға сенімдімін»,  – деп мәлімдеді.  Өз кезегінде мәселеге қатысты түсінік берген «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов: «Палатаны қалдыру туралы шешімді жоғары орган ретінде Съезд қабылдайды. Съезді шақыру наурыздың екінші бөлігіне жоспарланған», – деді. Өңдеу өнеркәсібі одағының басшысы Әділбек Бектібаев: «Съезде палатаны мақтап, оны сақтап қалуды ғана сұрамай, бизнес үшін қандай жұмыс істегенін де айту керек. Себебі, Палата бизнес үшін ештеңе жасамады деп ойлайтындар бар. Мен онда объективті ашық пікірлер болғанын және екі тараптың да тыңдалғанын қалаймын», – деген пікір білдірді. Жалпы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын трансформациялау жөніндегі жұмыс тобына барлық өңірден 89 адам, оның ішінде кәсіпкерлер, түрлі салалардағы салалық комитеттердің өкілдері кірді. Қазіргі уақытта олар ҰКП-ны трансформациялау бойынша 360 ұсыныс жинады. Талқыланған тақырыптар қатарында ҰКП құрылымы мен қызметі, қауымдастықтарды аккредиттеу рәсімдерін жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілерді сараптау, мүшелік жарналар мен ақылы қызметтерді енгізу бойынша ұсыныстар бар. Сондай-ақ, жұмыс тобына кәсіпкерлерден бизнестің 400-ге жуық проблемалық мәселелері жолданған.

Ермек САХАРИЕВ
02.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 55
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 530
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 480

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9183
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8582
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11810
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9579
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10791