«Атажұртқа оралуға көмектесіңізші!»

«Атажұртқа оралуға көмектесіңізші!»

Әріптесіміз Оңғар Қабденнің жазбасын Бурахан Даханов жариялады. Ұзын-ырғасы мынау...

«Ертерек елге келуіміз керек еді. Путиннің арналарына сеніп, зомби болдық. «Әлемдегі ең алып империяда тұрып жатырмыз. АҚШ-тың өзі бізбен иық тірестіре алмайды», – деп кеудеміз аяққаптай болып жүрді. Украинаға аттанған ауылдастарымыздың балаларын темір табытпен әкеле бастағанда, қандай пәлеге ұрынғанымызды түсіндік. Павлодардағы бауырым «көшіріп аламын» деп, қанша хабарласса да, мұрнымды шүйіріп едім. Енді барар жер, басар тауымыз қалмады. Сол бауырымнан нөміріңді алып хабарласып тұрмын. Көмектесіңізші. Екі ұлыма бірдей повестка келіп тұр», – деп бір апа телефоннан зар жылады...»

Бұл – әлгі зомби қарияның Оңғар Қабденге шалған қоңырауындағы әңгімесі... Орыстың озбыр Федерациясы тарихтың барлық кезеңдерінде аз ұлттарды аяусыз қанаумен келеді. Осынау қарапайым тарихи ақиқатты түсінбеген адамның обалы тек өзіне шығар!

Қазір Астрахан, Самара, Омбы, Новосібір т.б. жерлердегі қазақтардың балалары мен бауырларына соғысқа өлу үшін аттанатын повесткалар келіп жатыр, меніңше, олар үшін енді өздері құдайдай табынған есерсоқ Путиннің жолында о дүниеге аттанудан басқа жол қалған жоқ. Апта да емес, екі-үш күннен кейін олар үйлеріне қайтып оралады, путин-темір табытпен...

Әрине, әрбір шеттегі қазаққа «Қазақстанға келіңдер» деп, талай айтылды. Бірақ сырқат сана, ауру болмысқа дауа жоқ. Шеттегі көп қазақ атажұртына оралуы үшін «Біздің жағдайымызды жасаңдар» деп кергиді. Менің түсінбейтінім: ата-анасының үйіне қайтқан бала қалайша міндетсиді?..

Қытайды қимаған қазақ қидаланып жатыр, орысқа оралған қазақ ойсырай қырылып жатыр...

Атажұртына аттап баспайтын шетелдік қандастарымыздың сөздері мың сылтау ғана! Жүрегінде қазаққа деген шынайы мейірімі мен ұлттық намысы бар қазақтар отыз жылда Қазақ еліне келіп болды.

Ал, сыртта қалғандар – өз пиғылдарының құлдары мен зомбилары! Бұдан да қаттырақ айтсақ, олардың сырттары ғана қазақ, іштері қазақ емес! Демек, «өлі қазақтар» деуге болатын шығар. Қазір сол «өлі қазақтар» Путиннің табытына тығылуда! Сондықтан мен Бурахан Даханов бауырымның: «Әттең... Жат жерде жат елдің амбициясы үшін қаза болатын қайран қазағым-ай, әкің!..» – деген «әттеңіне» қосылмаймын, әлгілерді «қайран қазақ» емес, «ойран қазақ» деп атар едім...

Әйтпесе, менің жалғыз өзім тәуелсіздіктің отыз жылында шетелдегі қазақтарға «Атажұрттарыңызға қайтыңыздар, еркін елімізді бірге құрайық!» – деп айтудан жағым талып, тілім құрғады...  

Әркім таңдаған тағдырының дәмін татады...

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Тәуекел картасы –  әділдіктің айнасы
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 31.10.2024 543
Ұлт ұясы – Ұлытау, жаңарған Жаңаарқа
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - 31.10.2024 550
Орман  шаруашылығын оңалтуда оң нәтиже бар
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 27.10.2024 747
Тігінмен  тірлігін түзеген
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы - 27.10.2024 818

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 7739
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 7159
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 10372
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 8135
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 9370