Атыраудағы игі істер

Атыраудағы игі істер

Таяуда белгілі журналист, «Qazaqstan dauiri» ЖШС бас директоры, ел анасы Сәуле Мешітбайқызы дәстүрлі «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» экспедициясы аясында Атырау облысында болды. 

Ол Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың арнайы қабылдауында болып, өңірдің бүгінгі ахуалымен, ел-жұрттың тыныс-тіршілігімен танысты. Сәуле Мешітбайқызы халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің «AMANAT» партиясымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайтымен, «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен экспедициясының биыл «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» деген атаумен жалғасын тапқанын айтты. Сондай-ақ «Qazaqstan dauiri» басылымы редакциясының бастамасымен жарыққа шыққан «Намыс қайрағы», «Ұлт шырағы» атты жаңа кітаптарды облыс басшысына тарту етті.

Содан соң Сәуле Мешітбайқызы Атырау облысының Индер ауданына жол тартты. 

Еланасының басы-қасында ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшенов пен облыстық аппарат бастығы Нұрлан Тәжібаев болып, аудан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныстырды. Сәуле Мешітбайқызы атқарылып жатқан игі істерді өз көзімен көріп-біліп, ел игілігі үшін қызмет атқарып жүрген басшыларға ақжарма тілегін айтып, ризашылығын білдірді. 

 

28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 244
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805