АУДАНДА ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ АЙГҮЛ МАҚАШОВАНЫҢ ӘН КЕШІ ӨТТІ

АУДАНДА ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ АЙГҮЛ МАҚАШОВАНЫҢ ӘН КЕШІ ӨТТІ
Бүгін өнер қонған, киелі Сарысуда Қазақстан Републикасының мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Музыка" кафедрасының доценті, Жамбыл облыстық Кенен Әзірбаев атындағы филармонияның әншісі Мақашова Айгүл Ынтымақызының шалқар шабытқа толы "Мен сүйемін халқымды" атты шығармашылық ән кеші өтті.
Шығармашылық кеш өнер иесінің өнер жолындағы шығармашылығына 35 жыл толуына арналды.
Кешке арнайы қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов өнер иесін құттықтап, шығармашылығына барша сарысулықтардың атынан табыс тіледі.
Қазақы дәстүрмен сый- сияпат тарту етті.
Шығармашылық кеште әншінің орындауында Майлықожаның термесі, Ж.Кәрменовтің «Толғау», Абайдың «Сегіз аяқ», Кенен Әзірбаевтың «Бастау» сынды ұлттық рухты көтеретін әндері шырқалды.
Сондай-ақ, кеш қонақтары, Мәдениет саласының үздігі Торғын Орынбаева, «Әсем әуен» балалар ансамблі өнер көрсетіп, көрермен қауымның қошеметіне бөленді.
Өнер дәстүрінің жарасымды жалғасындай болған шығармашылық кеш көрермендерді рухани әсерге бөледі.
 
Сарысу ауданы әкімдігі
09.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540