АУДАНДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

АУДАНДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ
Тұрар Мысықбаев ағамыздың есімі елге етене таныс. Спорт және денсаулық сақтау саласының ардагері болған Тұрар Мысықбаев өмірінің соңына дейін спортпен айналыса жүріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен еңбек сіңірді. Көптеген ұзақ қашықтыққа жүгіретін марафон жарыстарының жеңімпазы болды.
Тұрар ағаның Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойына Жаңатас қаласынан Таразға дейін 180 шақырымнан аса жолмен, Бөрібек Тоғызақбаев атындағы спорт кешенінің ашылу салтанатына Жаңатастан Жайылмаға дейін 40 шақырымға жуық жолмен жүгіріп барғандығын аудан жұртшылығы әлі күнге дейін айтып отырады. Сондай-ақ, Тұрар аға Жаңатас пен Саудакент аралығындағы 27 шақырым жолды аудан жастарымен бірге жүгіруді дәстүрге айналдырды.
Бүгін Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде Сарысу ауданының Құрметті азаматы, спорт ардагері Тұрар Мысықбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен 2010-2011 және 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі Республикалық ашық турнир басталды.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов қатысып, сөз сөйледі. Турнирдің маңыздылығына, спорт ардагері Тұрар Мысықбаевтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосқан үлесіне тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін денсаулық сақтау саласының ардагері, Жаңатас қалалық алқа билер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев сөз сөйлеп, жарыстың ашылуымен құттықтады. Тұрар ағаның денсаулық саласына, спортқа қосқан еңбегін атап өтті.
Сондай-ақ, Тұрар Мысықбаевтың ұлы, Мәскеу қаласынан келген жарыстың бас демеушісі Қанат Тұрарұлы сөз алып, жарысты ұйымдастырушыларға барша әулеті атынан үлкен алғысын білдірді.
Екі күнге созылатын жасөспірімдер арасындағы бұл турнирге Түркістан, Алматы, Жетісу, Ақтөбе Жамбыл облыстарынан, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалаларынан және Сарысу ауданынан 200-ге тарта жас балуандар қатысып жатыр.
Сарысу ауданы әкімдігі
28.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 35
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 22
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 27

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2105
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2340
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17230
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15953
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19323