АУДАНЫМЫЗ АШЫЛСА, АУЫЛҒА ОРАЛАМЫЗ

АУДАНЫМЫЗ АШЫЛСА, АУЫЛҒА ОРАЛАМЫЗ

Қарағанды облысындағы қазақтың қабырғалы биі Қазыбек бидің атақонысы – бұрынғы Егіндібұлақ ауданының қайтадан ашылмай отырғаны арқамызды аяздай қариды. Қазір еңбек ардагерімін. Осы аймақта туып-өскен соң, өткен тарихын жақсы білемін. Егіндібұлақ ауданы бұрын Қу ауданы деп аталды.  Қу ауданы  1928 жылы құрылып, 1963 жылы жабылып қалды. Ауданды жабу шешімінің дұрыс еместігі кейіннен анықталып, 1964 жылы Егіндібұлақ ауданы болып қайта құрылды. Қарамағында 9 совхоз болды, 9 совхозда оннан аса (20000-дай) жылқы табыны, 500000 бас қой,  20000-25000 бас ірі қара мал болды. 9 совхозда миллиондаған тонна астық өндірілді. Кей совхоздар (Комсомол, Абай, Доғалаң, Қазақстанның қырық жылдығы атындағы)  жыл сайын миллион пұттан аса астық өндіріп, «миллионер» совхоз атанған еді. 

Жері шүйгін, 18000-ға таяу халқы бар ауданды жауып тастау шешімі дұрыс емес деп ойлаймыз. Жергілікті халық жан-жаққа жұмыс іздеп, баспана іздеп тарыдай шашылды. Егіндібұлақ ауданы қайта ашылып, жұмыс орындары болса, халықтың көбі қайтып оралуға дайын.

Мен, Әділбеков Сәтбек, Қарағанды қаласында тұрамын. Балаларым өсіп, немерелерім де ержетті. Егіндібұлаққа бала-шағамызбен немерелерді ертіп жыл сайын барамыз.  Балалар елді ұмытпаса екен, «бабаларыңның өскен жерлерін біліп жүріңдер» деп, туған  топырағымызға, ата-аналарымыздың басына барып, Құран оқытып қайтамыз. Елімізді, жерімізді сағынамыз. 

Егер  үкімет үлкен өтінішімізге құлақ асып, аудан ашылатын болса, отбасыммен туған топырағыма көшіп келемін. Мен сияқты өзімнің ағайын-туыстарым, ауыл азаматтары – Рысмағанбет Мұсағалиұлы, Жақия Әбілтайұлы, Рымбек Нұрқабдешұлы да осындай шешім қабылдауда.

Шертпе күйдің шебері Тәттімбет, ақын-сазгер Мәди Бәпиұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақов, Қазақстанның Халық артисі Жүсіпбек Елебеков сияқты атақты жақсылар мен жайсаңдардың туған топырағы қашанғы қаңырап, жұртта қалған мекен болып тұра бермек?! Билік басындағы бауырларым, балаларым, Қазыбек би атындағы ауданды ашып беріп, көптің батасына бөленіңдер!

 

Сәтбек НҮРКЕНҰЛЫ, Егіндібұлақ өңірінің байырғы тұрғыны, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 69
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 178
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 182
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 399
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 362
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 980

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9057
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8453
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11681
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9444
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10661