Ауыл әкімдерінің 51 пайызы жаңадан сайланды

Ауыл әкімдерінің 51 пайызы жаңадан сайланды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің сарапшылары Қазақстан өңірлерінде ауыл әкімдерін тікелей сайлауын өткізу барысын талқылады. Іс-шараға ҰҚСК мүшелері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, белгілі отандық саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар қатысты. Шараны ҚР Президентінің көмекшісі, Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин ашты. Ол өз сөзінде: «Реформалар мен диалог президенттік курстың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мәселен, саяси бастамаларды жүзеге асыру аясында ғана қазіргі таңда 10 заң қабылданды. Олардың ішінде ағымдағы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңына және «Қазақстан  Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Соның нәтижесінде биылғы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап республика бойынша 811 ауылдық округте әкімдердің сайлауы өтті. Сайланған әкімдердің 86 пайызы   саяси партиялардың үміткерлері. Тағы 14 пайызы өзін-өзі ұсынған үміткерлер. Сонымен бірге, сайланған әкімдердің жартысы (51%) сайлауға дейін бұл қызметтерді атқармаған жаңа адамдар», – деп атап өтті.

Ермек САХАРИЕВ
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 100
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 111
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 203
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 342
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 569
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 516

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9220
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8615
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11841
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9611
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10824