«Ауыл аманаты» жобасы: 100-ге жуық қордайлық отбасы өз кәсібін ашты

«Ауыл аманаты» жобасы: 100-ге жуық қордайлық отбасы өз кәсібін ашты

Жамбыл облысы Қордай ауданында ағымдағы жыл басынан бері «Ауыл аманаты» жобасы аясында 94 азамат өз кәсібін ашты.

Қордай ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасы үш ауылда жүзеге асуда. Қазіргі таңда Кенен, Қарасу және Қаракемер ауылының тұрғындары аталмыш жобаның игілігін көруде.

Бұл туралы көрсеткіштерге аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев жан-жақты тоқталды.

— 2022-2023 жылдары Кенен ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға жалпы 455,7 млн. теңге қарастырылған. 2,5 пайызбен несиелендіру жобасы үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану, мал шаруашылығы, ауыл сыртындағы жерлерді тиімді пайдалану, кооперативтерді жабдықтау және өз кәсібін ашуға қолдау секілді бес бағыт негізінде жүруде, — деді аудан әкімінің орынбасары.

Кенен ауылы бойынша бірінші бағыт аясында тұрғындар үй іргесіндегі 62 га жерді тиімді игеруге кірісуде. Екінші бағытқа сәйкес, бүгінгі күнге 342 млн. 700 мың теңгеге 96 өтінім тапсырылып, оның 73-і несиеге қол жеткізген. Ал, үшінші бағыт бойынша 250 га алқапқа арпа себілсе, ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 53,8 млн. теңгеге 9 дана әр түрлі техника сатып алынған.

Сондай-ақ, бесінші бағыт – өз кәсібін ашу үшін 4 адам келісім шартқа отырып, 34 млн. 400 мың теңге көлемінде несие алған.
Қарасу ауылдық округі бойынша да жоба аясында жоспарлы жұмыстар жүзеге асуда. Мәселен, 5 жылыжай, 1188 аулаға көкөністер егілмек. 450 млн. 200 мың теңгеге 2004 мал басы сатып алынады деп көзделуде.

Ал, Қаракемер ауылдық округінде 105 ауылдық тиімді несиелендіруге 814,3 млн. теңге қаралған.

Қордай ауданында «Ауыл аманаты» жобасы арқасында аталған үш ауылдың тұрғындары табысын арттырып, тұрмысын тіктеуде десек, алдағы уақытта жобаның игілігі өзге де ауылдық округтерге таралады деп күтілуде.

Жамбыл облысы әкімдігі
02.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 154
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 152
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 263
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 266
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 476
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 438

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9133
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8531
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11760
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9526
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10738