Ауылдағы жұмыссыз жастарды қолдауымыз керек

Ауылдағы жұмыссыз жастарды қолдауымыз керек

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына барып, өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты. Сайлаушылармен кездесуге облыс әкімі Ермек Маржықпаев та қатысты. Ерлан Қошанов сапарын Елордадан 30 шақырым жерде орналасқан Шортанды ауданы Бозайғыр ауылындағы колледж-мектеп-интернаттан бастады. 

Мұнда ауылшаруашылық машиналарын жасау, дәнекерлеу, қоғамдық тамақтандыру бойынша және ақпараттық технология саласына мамандар даярлайды. 445 орынға арналған бұл мекемеде бүгінде 148 адам білім алуда. Мәжіліс спикері колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, профессор-оқытушылар құрамымен, студенттермен және жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, түйткілді мәселелерді тыңдап, оны шешу жолдарын талқылады. Әңгіме барысында Мәжіліс төрағасы еліміздегі бүгінгі ахуалға тоқталып: «Биылғы жылғы «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде жастарымызды арандатушылар өз мүдделеріне пайдаланып кетті. Алдағы уақытта осындай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін жастарға жұмыс беріп, оларды өнімді еңбекпен қамтамасыз етуіміз қажет. Жастардың болашаққа аяғын нық басуы үшін олар мамандық иесі атанулары керек. Сондықтан біз республика бойынша осы саладағы орта арнаулы білімді дамытуға жағдай жасап жатырмыз. Шынында да қаңтар оқиғасында Президенттің батыл шешімдері болмаса біз бүгін болашақтың мәселесін талқылап тұрмайтын едік», –  деді. Жиын барысында белгілі болғандай, Ақмола облысының әкімдігі аталған колледжді жаңғыртуға мақсатты қаржы бөлу туралы шешім қабылдапты. Депутаттар бұл жұмысты бақылауға алып, орта арнаулы оқу орындарына академиялық дербестік беретін заң жобасы бойынша жұмысты да жеделдетпек. Бұл олардың сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Одан әрі Мәжіліс төрағасы қала мен жақын маңдағы елді мекендерді жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған Степногорск қаласының жылу электр орталығында болды. Кәсіпорын қызметкерлері өз жұмыстары мен келешегі туралы айтып, Степногорск қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің жай-күйіне ерекше назар аударды. Ерлан Қошанов Степногорск қаласы тұрғындарының мәселелерінен және магистральдық желілердің тозығы жеткенінен хабардар екенін атап өтті. Осы орайда облыс, қала басшылығына қажетті құжаттаманы дайындап, бюджеттік өтінім жолдауды ұсынды. «Біз өз тарапымыздан Үкіметке тиісті сауалдар жолдаймыз»,  – деді Палата спикері. Мәжіліс төрағасы белгіленген тапсырманы жоғары деңгейде орындап отырған «Қазақстанның жылыжай технологиялары» кәсіпорнының ұжымымен бірге агроөнеркәсіп кешенін және жалпы өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады. Бұл ретте Мәжіліс спикері тұрғындар үшін қолжетімді баға мен өсірілетін өнімнің жоғары сапасын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сондықтан компанияның одан әрі дамуы маңызды екенін айтқан Палата төрағасы бүгінде мемлекет шаруаларымызға барынша қолдау көрсетуге тырысып, қазірдің өзінде түрлі қолдау құралдары енгізілгеніне назар аударды. Олар: инвестициялық субсидиялар, тыңайтқыштардың, пестицидтердің, биоагенттердің құнын субсидиялау, жеңілдетілген несиелер. Сондай-ақ ол облыстағы медицина қызметкерлерінің түйткілді мәселелері мен ұсыныстарын тыңдап, «Виамедис» ЖШС филиалында дәрігерлермен кездесті. Халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуде мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығының тиімділігіне тоқталған Ерлан Қошанов мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды ұсынды. 

Ермек Сахариев
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 500
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 457

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9154
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9549
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10762