Ауырдың ба, бірден дәрігерге жүгін!

Ауырдың ба, бірден дәрігерге жүгін!

Елімізде «СOVID-19» пандемиясының өршуіне байланысты мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов жаңа қаулысында «қою қызыл» аймақ ұғымын енгізді. Ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша бес айдан бері «қызыл» аймақта. Коронавируспен ауыратындар санының өсуі тоқтар емес, күн сайын 1200-1300-ге жуық науқас анықталады. Қалада 16 инфекциялық стационар бар.

Елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының базасындағы жұқпалы аурулар госпиталінің реанимация меңгерушісі Павел Останин санитариялық талаптарды елемеу қандай жағдайға жеткізетіні және ковидтік стационарларда қанша төсек толғаны туралы шындықты хабарлады.

«Біреу үйінде өмірінің соңына дейін жатады, ал енді бірі «індеттен құтылып кетемін» деп ойлайды. Түптеп келгенде жағдай қандай болып жатыр?! 40 сатурациясымен, ес-түссіз жатады. Оны қалай емдеуге болады? Біз соңына дейін күресеміз, тырысамыз. Дәл қазір «жаңа» пациенттер де, біраздан бері ауырып жатқан науқастар да бар. Реанимацияда болудың орташа мерзімі бізде 21 күн. Оң нәтиже беретін максималды уақыт – 50 күн»,– дейді Павел Останин.

Сарапшылардың пікірінше, бұрын бұл ауру негізінен өкпенің зақымдалуымен ғана шектелсе, қазір пациенттер асқазан-ішек жолдарының, жүйке жүйесінің бұзылуынан зардап шегеді, бұл коронавирустың жаңа штаммы – «Дельтаға» тән. Қазір 256 пациент реанимация бөлімшесінде, ӨЖЖ-де 43 адам жатыр. Вакцинация өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы ғана қала карантинге дейінгі режимге орала алады.

Сондықтан елордада вакцинация мәселесі өте өзекті болып отыр. Мәселені жедел шешу мақсатында, екпе алған елорда тұрғындары арасында, апта сайын өтетін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны жалғасуда.

Бұл ұтыс ойындарына вакцинациялаудың барлық пункттері қатысады: медициналық мекемелер, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері де. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүзеге асады, азаматтарға құжаттарды толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын апта сайын өткізеді.

Ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын бақылау үшін 10 тамыздан бастап, ел өңірлерінде жұмыскерлердің коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаны, не алмағаны жөнінде мәліметтер тексеріле бастайды. 15 шілдеде ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан болатын. Онда міндетті вакциналау белгіленген ұйымдардың тізімі мен екпе жүргізу мерзімі бекітілген еді. Атап айтқанда, қаулыда ұйымдар қызметкерлері вакцинаның бірінші компонентін 2021 жылдың 10 тамызына дейін, екінші компонентін 1 қыркүйекке дейін алып бітуі тиістігі айтылған. Сонда ғана олар штаттық режимде жұмысқа жіберіледі. Сондай-ақ, жұмыс берушілер вакциналанбаған қызметкерлері үшін айыппұл төлейтін болады.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
12.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 174
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 169
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 679
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 799
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 713

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8868
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8263
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11491
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10474