Автокөлігіңе жалған нөмір тақсаң, қамауға алынасың

Автокөлігіңе жалған нөмір тақсаң,  қамауға алынасың

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы туралы сөз қозғаған Мәжіліс депутаты Нәзила Раззақ: «Заң жобасында интернет сапасына белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл көлемін ұлғайту арқылы байланыс қызметтерін көрсету ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту ұсынылады. Мысалы, жоғары оқу орындары жабылған жағдайда студенттерді ауыстыру жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін құрылтайшылардың әкімшілік жауапкершілігін белгілеу, сондай-ақ уәкілетті органға ЖОО-ны оқу құқығынан айыру функцияларын беру ұсынылады. Ұсынылып отырған тағы бір маңызды түзету – мемлекеттік нөмірсіз көлікті қайталап немесе қайталап жүргізу, сондай-ақ көлік құралына жалған нөмір таққандар үшін жауапкершілікті күшейту болып отыр. Мысалы, бұрын айыппұл ғана болса, енді жүргізуші бір жыл бес тәулікке жүргізу құқығынан    айырылады. Заң жобасы бойынша жұмыс тобы 19 отырыс өткізді», – деп атап өтті.

 

Ермек Сахариев
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5542
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5690
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20660
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19294
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22754