Автокөліктегі өрт оқиғалары азаяр емес

Автокөліктегі өрт оқиғалары азаяр емес
Жамбыл облысында соңғы кездері автокөліктегі өрт оқиғалары көбейді. Оған басты себептердің бірі автокөлік иелерінің көлікті қыздыру кезінде түрлі қыздыру құралдарын дұрыс пайдаланбауынан немесе электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болып табылады. Мысалы, өткен тәулік ішінде облыста бірнеше көлік өртке оранды.
13 желтоқсанда сағат 8.01-де Байзақ ауданы, Қостөбе ауылының маңында 1993 жылы шыққан жеңіл автокөлік өртенген. Өрт салдарынан автокөліктің қозғалтқыш бөлігі жойылып, алдыңғы салоны зақымдалды.
Дәл сол күні, нақ осы уақытта, яғни 8 сағат 01 минутта Тараз қаласы, «Ұлы дала» (15) мөлтек ауданындағы тұрғынүйдің ауласында жеңіл автокөліктің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт оқиғасы туындаған. Алайда, өрт сөндірушілер шақырту орнынан жеткенше автокөліктегі өртті тұрғындар өз күштерімен сөндірген.
Сағат 14.35-те Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы, Т.Рысқұлов көшесі 1998 жылы шыққан, жеңіл автокөлік өртке оранған.Өрт салдарынан қозғалтқыш бөлігі жойылды. Жоғарыда аталған өрт оқиғаларынан зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелмеген. Аталған өрт оқиғалары бойынша шақыртуларға Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының күштері мен құралдары шығып, өрт оқиғаларын жойған.
Автокөліктегі өрт оқиғаларына жол бермеу мақсатында автокөлік жүргізушілеріне төмендегі нұсқаулықты естен шығармауды сұрайды:
Автокөліктеріңізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;
• Үнемі оның дұрыс жұмыс жасап тұрғанын қадағалаңыз, әсіресе, электрсымдарға баса назар аударыңыз;
• Өзіңізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құралы болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;
• Тәжірибеде көрсеткендей, өрт сөндіру кезінде автокөлігіңізге көмірқышқылды өрт сөндіргіш пайдаланған тиімді.
Егер сіздің автокөлігіңізде өрт пайда болған жағдайда:
• Өрт шалған уақытта тез арада көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, капотқа жақындатып шашыңыз;
• егер өрт сөндіргіш құралыңыз жарамсыз немесе таусылып қалса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз;
• жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап бекітіңіз, әйтпесе өрт шарықтап кетуі мүмкін;
• жанармай төгілген жағдайда, лапылдап жанып кетпес үшін, оны су мен көбік немесе топырақ себу қажет;
• егер көлігіңізден өрт шықса, аккумулятордың клемасын (бекітпесін) ажыратып тастаңыз.
Жамбыл облысы ТЖ департаменті қандай да бір төтенше жағдайлар мен өрт оқиғалары кезінде «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажеттігін ұмытпаңыздар.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті
14.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 260
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 394
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 390
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 620
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 563

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9265
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8661
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11888
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9661
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10870