Азаматтардың құқықтарының қорғалуы басты назарда

Азаматтардың құқықтарының қорғалуы басты назарда

         ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылған.

Департаментпен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қызметіне профилактикалық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Бақылау жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту сипатындағы бұзушылықтар анықталды.

Нақты айтқанда, «Дезстанция» мекемесінің маманына мәлімделген мамандықтың сәйкес келмеуіне сілтеме жасалып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беруден негізсіз бас тартылған.

Қызметті алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департаментпен көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау туралы нұсқама енгізілді.

Қазіргі таңда, Департаменттің бұл жағдайға ден қоюынан кейін қызмет алушының құқықтары толығымен қалпына келтірілді және оған «Дезинфекциялық іс» мамандығы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға сертификат берілді.

2024 жылдың 1 тоқсанында 5 мемлекеттік органда жүргізілген профилактикалық бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Департаментпен 714 бұзушылық анықталды, сондай-ақ 7 лауазымды тұлға 258 440 теңге көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8А мекен-жайы немесе 8 (7262) 43-88-08 нөмірі бойынша, сондай-ақ «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.

Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.

24.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 924

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601