Азаптауға қатысқандарды заң қатаң жазалайды

Азаптауға қатысқандарды заң қатаң жазалайды

    Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев журналист Ғазиз Әбішевке берген сұхбатында: «Кінәлілер жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды. Азаматтарды азаптауға қатысқандардың барлығы міндетті түрде заңның барлық қатаңдығы бойынша жазаланатын болады. Қазақстанда заң бойынша азаптауға тыйым салынған. Мұндай қылмыс жасағанны үшін кінәлілер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қасіретті қаңтар кезінде бейбіт халықтың шеруге шығуына әлеуметтік жағдай түрткі болды. Жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік теңсіздік, мардымсыз табыс, материалдық жағдайдың төмендігі жұртшылықтың наразылығын тудырды. Бүгінде халықтың тең жартысы 50-60 мың теңге көлемінде жалақы алады. Бағаның үнемі шарықтап бара жатқанын ескерсек, бұл өте аз. Қордаланған мәселе көп. Бүгіндері құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер қаңтар оқиғаларына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Бас прокуратура бұл мәселелерді бақылауда ұстап отыр. Бүгінде 170-ке жуық азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жуық арада тәртіпсіздіктердің себептері мен салдары нақты айтылатын болады»,— деп мәлімдеді. 

Ермек САХАРИЕВ
25.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 186
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 200
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 466
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 270

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18379
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18239
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33427
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31978
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35744