Азғындарға тоқтау болмай тұр

Азғындарға тоқтау болмай тұр

Масқара, «Еркектер мен әйелдер тең болуы керек, әйелдердің құқығы тапталып  жатыр!» – деп ұрандатушылар, яғни гендерлік саясатты қолдаушылар тағы да шеруге шықты.  Олар қолдарына «Мен сенің қабырғаңнан жаратылған жоқпын, сен менің жатырымнан шықтың!» деп жазылған плакаттар ұстап, әйел мен еркектің арасында ешқандай    айырмашылық жоқ, екеуі де бірдей, сондықтан әйел, еркек деп бөлінудің қажеті жоқ деп түсіндіреді. Иә, осының өзі  «Әйел еркектің қабырғасынан жаратылған» деп Құранда жазылған Алланың сөздеріне қарсы шығу емес пе? «Сен менің жатырымнан шықтың» деген не сұмдық? Алла елшісі (с.ғ.с.) еркекке еліктеп, солар сияқты киініп, жүріс-тұрысын ұқсатқан әйелдерге лағынет айтқан екен. Қайткенмен де екі жыныстыны бірдей қыламыз деу – жаратылысқа қарсы шығу. Ер адам қанша тырысса да әйел, ал әйел қанша жерден мықты болса да еркек бола алмайды.  Әлемде болып жатқан су тасқыны, зілзала сияқты табиғи апаттар да осындай азғындардың кесірінен емес пе? Батыс елдерінің қаңсығын таңсық көріп, соған еліктегеннің нәтижесі енді неге алып келе жатыр? Бұл – өте қауіпті жағдай! Бүйте берсе, қазақ қыз-келіншектері әдептілік, нәзіктік, ибалылық, инабаттылық сияқты әйелге тән қасиеттерден жұрдай болатыны сөзсіз... 

«Ал, ағайын, бұған не дейсіздер?! Жылда осы, өтірік әйел құқығы, бала құқығы, т.б. деп жамылып, іс жүзінде біржыныстылардың ұранын ашық түрде алып шығып жүргендеріне міне биыл 7-ші жыл! Басты алаңды биыл біз алдық, бірақ мыналар жан-жақтан жамырап жастарды алдынан келгенін алдынан, артынан ілескенін артынан үйіріп алып кетіп жатыр! Азғындардан алаңды аман алып      қалғанымызбен, өкінішке орай, олар жиындарын бәрібір өткізді. 

Ары қарай тағы ұйықтап жата бересіздер ме, ағайын?!  Біздің мемлекетте соңғы кездері жылда митингті осы біржыныстылар көшбасшы болып ұйымдастырып жүр. Бұлар кімдер, білесіздер ме? Бұлардың діттеген түпкі мақсаты неде? Сырт көзге жай митинг сияқты болғанымен, аяғы неге әкеліп тірейді? Ойланыңыздар, ағайын! Жастардан айырылып жатқанымызды жылдағы жиналып жатқан, жылдан-жылға арттарынан еріп жатқан жас ұрпаққа қарап сараптай беріңіздер!» – дейді осы мәселені шырылдап ұдайы айтып, көтеріп жүрген қоғам белсендісі Бағила Балтабаева.

Иә, мұндай бассыздыққа «қой!» деп тыйым салатын ешкім болмай тұр. «Біреу тойға айналғанда біреу қойға айналыпты» дегендей, қазір елімізде жоғары жақтағылар, билік өкілдері, саясаткерлер депутаттыққа қызу түсіп, сайлау өткізуге жанталасып жатқанда олар мықты  пайдаланып кеткен сияқты. Әншейінде ана, бала, ұрпақ  тағдыры, ана тіліміз, жеріміз, еліміз  туралы митингтерге шыққанда   полициялар шерушілерді жан-жаққа таратып, көнбегендерді ұрып-соғып, күштеп машинаға салып әкетеді. Айыппұл төлетеді немесе қамауға алады. Ал қайта осындай азғындарға ешқандай күш қолданбай, алаңның жан-жағын жауып, артық көлік кіргізбей, жағдай жасап қоятыны несі екен?! Әлде бұлар ауыздарын жабу үшін көп ақша беріп қойған ба? Біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, не деген дәрменсіз, сорлы халық едік? Болашақ ұрпағың, аналар, қыздарың азғындамасын десең, Бағиладай біртуар қайсар қызымыз шырылдағандай,  «Оян, ұйықтама, билік! Мына айналаңда  болып  жатқан  азғындықты,  бассыздықты дереу тоқтат! Әйтпесе кеш болады!» – дегіміз келеді

ШАРГҮЛ ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
16.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 28.03.2023 140
РАМАЗАН
Нағашыбай Қабылбек - 24.03.2023 298
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 510

Топ жаңалықтар

1
ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Show more
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 2023-03-28 140
2
ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...
Show more
Дулат Исабеков - 2023-03-26 185
3
РАМАЗАН
Show more
Нағашыбай Қабылбек - 2023-03-24 298
4
Ермұрат Бапи: Халықтан басқа ешімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!
Show more
Нұргелді ӘБДІҒАНИ, Abai.kz - 2023-03-24 297
5
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Show more
Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы. - 2023-03-23 408