Азық-түлік бағасы қалай реттеледі?

Азық-түлік бағасы қалай реттеледі?

   Үкімет отырысында осы сауалға жауап беріп, азық-түлік инфляциясын ауыздықтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасын мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары туралы айтқан премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов: «Ауыл шаруашылығы министрлігімен өндіріс, тұтыну және өнімді қайта бөлу теңгеріміне толық мониторинг қамтамасыз етіледі. Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл шеңберінде азық-түлік өнімдері импортын тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қажет болған жағдайда экспортты шектеу шаралары дер кезінде қабылданады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспорттауға тыйым салынды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп шекті бағаларға қатысты тәсілдер қайта қаралды. Бұл бағаның одан әрі өсу қаупін болдырмайды. Жекелеген өнімдерге баға айтарлықтай өскен жағдайда монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен баға шегін әкімшілік бекіту құралы дер кезінде қолданылады», — деп мәлімдеді.  

Ермек САХАРИЕВ
14.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1035
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7083
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10933
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7150
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7293