Ұрымтал сөзде ащы шындық, есті кісіге ескерту де бар. Әсіресе, соңғы жылдары “жайылым жер жетпейді” деп шырқыраған ауылдар мен сонда тұратын жұртшылықтың үні қаттырақ шыға бастады. Ендігі оны тездетіп шешу, әділ де тиімді жолын қарастыру - биліктің барлық тармағының, сондай-ақ жеке сектор өкілдерінің маңызды әрі көкейкесті міндеті деп білеміз. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың мыңғырған малы сыйған кең байтақ жерімізге ұрпағының, қожайын-байбатшалардың пейілі сыймағаны ма? Әлде олардың ойы, көзқарасы қарақан басынан аса алмай жатыр ма екен? Әйтпесе, ұлтымыздың әділдікке мойын бұрғызатын салты, қанағатты қазық еткен дәстүрі қайда қалады? Осындай өткір сұрақтар туындайды. Әрине, меншік иесінің жер телімдерін кері қайтаруға дәйек пен заңды негіз болуға тиіс. Бұған кезінде жең ұшынан жалғасу, тиісті заңның шала тұстары жол бергенін жақсы түсінеміз. Ең өкініштісі - заңгерлер де солқылдақ, билік орындары да олақ қимылдайды. Бір сөзбен айтқанда, тергеуі мен соты ұзаққа созылатын өнімсіз іспен тыңғылықты айналысып жатқандардың қарасы көп емес. Ал, шаруа жерді тиімсіз пайдаланса, яғни санда бар да, санатта жоқ, қағазда бар да, қорада кем малы үшін соншама жайылымның қызығын не өзі, не өзге көре алмаса, одан елге не қайыр?
Оның үстіне, “жәй жатқан жер жау шақыратынын” да ұмытпаған дұрыс.
Бәлкім, еліміздің барлық аудандарында жер пайдаланушыларға жүйелі ревизиялық тексеріс жасап, жаңадан тізімдеп шықса және БАҚ бетінде ашық түрде жарияласа, әділеттілік жөні болмақ. Әрине, аталған істе маманданған заңгерлер, шынайы жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтар белсенділері тиімді ұсыныс беріп, қоғамдық пікірдің ескерілгені жөн. Әзірге, “Аманат” партиясынан басқа халық үніне құлақ асқан саяси ұйымды көре қоймадық. Дәл осы бағытта цифрландырудың, ақпараттық мәлімет интеграциясын тезірек іске қосудың артықшылығына да мән берген жөн. Жалпы, тұрғындардың жер үлесін алу, оны игеру, пайдалану мәдениетін орнықтыру арқылы адам санасын өзгертетін тетіктерді қосуға, ең үлкен ресурстың экономикалық тиімділігін еселеп арттыруға қол жеткіземіз. Әйтпесе, жер қорыған жануардың күйін кешу ешкімге абырой де әкелмейді. Осыған байланысты кезінде әр түрлі жолмен, мән-жаймен жер телімін иеленген азаматтардың оны мемлекет қарауына ерікті түрде қайтару үрдісін қолдап, оларды ынталандыру шаралары маңызды деп санаймыз.
Ел ішінде кезінде көлденең көк аттының қалтасында кеткен көк қағазға (жер үлесі) қатысты әр түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұны да заң тұрғысынан пысықтап,
мемлекеттік өреде қарайтын кез жетті.
Біздіңше, жер дауының біржола шешімін табуға қандай да бір шектеудің болмауы - құқықтық мемлекет құруда, өркениетті экономикалық қатынас, әлеуметтік әділдік орнатуда елдік өлшемге айналуға тиіс.
Бұл - жаңа да әділетті Қазақстан жолы.
#amanat
#ЖеңісТоqaev2022 #ПобедаToqaev2022