БӘЙДІБЕКТЕ ШАМШЫБЕК БАЙЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ «ОЗАТ ҰСТАЗ-2024» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

БӘЙДІБЕКТЕ ШАМШЫБЕК БАЙЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ «ОЗАТ ҰСТАЗ-2024» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Бәйдібек ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Шамшыбек Байзақовтың 100 жылдығына арналған «Озат ұстаз-2024» дәстүрлі байқауы қорытындыланды. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы аясында ұстаз мәртебесін көтеру, педагогтердің шығармашылық және кәсіби дамуын жетілдіру, озық тәжірибелермен бөлісу, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдерді анықтау және тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылған байқау 4 кезеңнен тұрады. 2023 жылдың желтоқсан айында мектепішілік кезеңнен басталған байқаудың іріктеу кезеңі биылғы жылдың қаңтар айында ұйымдастырылды. Бетпе-бет кезеңіне жолдама алған 40-қа жуық ұстаздың ішінен 11 үздік ұстаз іріктеліп, қорытынды кезеңде бақ сынады.
Бесінші рет ұйымдастырылып отырған ұстаздар сыны Шамшыбек Байзақовтың ұлы, «Бәйдібек ауданының құрметті азаматы» Ерқуат Байзақовтың демеушілігімен өтті. Байқаудың қорытынды кезеңіне аудан әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев және облыстың зиялы қауымдары мен Байзақовтар әулеті қатысты. Білім беру ісіндегі жаңашылдығы мен озық тәжірибесі арқылы алдыңғы шепке шыққан үздіктер ардагер ұстаздға арналған аста марапатталды. Облыстағы танымал тұлғалар мен қоғам қайраткерлері қатысқан аста Байзақовтар әулетіне облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың құттықтау хатын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов табыс етті.
Қазылар алқасының шешімімен Жиенқұм орта мектебінің мұғалімі Әсем Зұлхарнаева С.Әлжанова атындағы сыйлықпен, Найманбаева Гүлхан Д.Ниятов атындағы сыйлықпен, Домалақ ана мектебінің мұғалімі Дүйсенбаева Гүлнар Ә.Патсаханов атындағы, Құрбаналиева Гүлбақыт А.Өзбеков атындағы, Базарбаева Гүлзина Ә.Андасбеков атындағы сыйлықтармен марапатталды. Сыйлық иелеріне 100 мың теңге қаржылай сыйақы табысталды.
Махашева Гүлстан мен Асанқызы Сәуле 3-орынға ие болып 500 мың теңге иеленсе, 2-орын иегері Кеншинбаева Эльвираға 750 мың теңге, 1-орын иегері Сейтхан Нұргелді 1 миллион теңгеге ие болды. Жүзден жүйрік атанған ұстаз Серперова Динара бас жүлдеге лайық деп танылып, 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
Айта кетейік, Шамшыбек Байзақұлы 1924 жылы – Бәйдібек ауданы Қаратас ауылында дүниеге келген. 1941 жылы «Сталин», қазіргі «Боралдай» ауылында орта мектепті бітіріп, Ленин комсомолы қатарына қабылданған. Ұлы Отан соғысында Европаның бірнеше елін, Берлин қаласынфашистік Германиядан азат етуге қатысқан. Соғыстан оралған соң ел үшін еңбек етіп, 25 жылдан астам білім ордаларында басшылық қызметтер атқарған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
14.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 77
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 599
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 716
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 628
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 638

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8774
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8174
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11403
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9157
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10388