«Диапазон» басылымы: «Ақтөбе облыстық полиция департаменті педофилдерге қатысты сұраққа жауап беріп, бала өміріне кімдердің жиі қол сұғатынын айтты», – деп жазады. Жергілікті полиция департаменті басшысының орынбасары Амантұрлы Тәкешев: «Педофилдерді анықтау үшін анкета жүргізіледі, бірақ қылмыскерді ұстау үшін бұл әдістің айтарлықтай көмегі жоқ. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстың басым көпшілігі – балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық. Оның ішінде, сексуалды зорлық көрсететіндер қатары көп. Негізінен, жәбірленушіге зорлық көрсететін адам оның отбасына жақын жүретін жандар болып келеді. Мәселен, педофилдер баланың анасымен бірге тұратын ер адам, сол үйдің таныстары мен туысқандары арасында жиі кездеседі», – дейді.