БАЛАҢЫЗДЫҢ ТІЛІ ҚАЗАҚША ШЫҚСЫН

БАЛАҢЫЗДЫҢ ТІЛІ ҚАЗАҚША ШЫҚСЫН

Балалардың тілі орысша шығып жатыр. «Ата-анасы орысша сөйлейді, соның әсері ғой...» дер едік. Алайда байқасаңыздар әке-шешесі, ата-әжесі де тек қазақша сөйлейтін отбасында да балалардың тілі орысша шағатын болды. Бұның бір ғана себебі бар. Ол балаларға арналған контенттің орыс тілінде басым болуы. Балаларға арналған қазақша арнаның саны туралы айтудың өзі ұят. Одан бөлек жас ата-аналар баласын алдандыру үшін қолына смартфонды ұстатып, орысша мультфилмдерді қосып беріп қояды. Рас, кей ата-ана өздері қазақша қарамайтын болғандықтан орыс тіліндегі анимацияны таңдайды. Ал кейбірі қазақша көрсеткісі келмегендіктен емес, айналдырған бірнеше мультфильмді көре-көре бала оны көргісі келмей қалғандықтан да орысшаға ойысады. Бұдан шығатын қорытынды – егер келер ұрпақтың тілі қазақ тілінде шықсын десек, қазақ тілінде мультфильмдер түсіруді мықтап қолға алу керек. Оны YouTube арнасына орналастыру да маңызды қадам. Бұл орайда Ұлттық рухани жаңғыру жобасы бойынша қазақша анимациялық фильмдер қатарын өсіру және шетелдік мультфильмдерді көптеп дубляждау мәселесі жоспарланып отыр.

Бір сөзбен айтқанда, ақпараттық технологиялар ақыл-ойды, шығармашылықты, сондай-ақ баланың тұлғасын дамытуда ерекше рөл атқарады. Баланың жоғары танымдық белсенділігін дамыту үшін баланың өзі оқу процесінің белсенді қатысушысы болуы керек.

Бүгінде бүлдіршіндер курстарға бару, тәрбиешімен қосымша жаттығу, «Балапан» каналындағы, YouTube-тегі мультфильмдерді көру арқылы қазақ тілін үйрене алады...

Сондай-ақ баланың тілін жаттықтыру, шығармашылық қабілетін арттыру үшін қолданыстағы электронды қосымшаларды пайдалануға болады.

Дегенмен «Цифрлық» дәуірдің балаларына арналған осындай платформалар аз екенін мойындағанымыз жөн. Осы ретте заманауи технология мен қазақ тілін оқу процесін ұштастыру арқылы балаға арналған тиімді электрондық көмекші құрал жасау мәселесі өзекті.

Бұл ретте ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті тарапынан әзірленген «Balatili.kz» сайтын атап өткім келеді.

Сайт қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін 5 жастан жоғары жасөспірімдерге, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналған.

«Balatili.kz» сайтына дыбыс пен әріп, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін, тұрақты сөз тіркестеріне қатысты дидактикалық оқу материалдары, сонымен бірге балалардың тілдік, жазу және дұрыс жазу, оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы оқыту материалдары орналастырылған. Оқыту мен ойын негізінде құрылған мультимедиялы білім мазмұнын жеке немесе топпен, білім беру мекемесінде немесе үйде қолдануға болады.

Баланың өзіндік жұмысына арналған жұмыс парақтары, ұcтаздар мен тәрбиешілерге, ата-аналарға әдістеме парақтары ұсынылады.

Лингводидактикалық мақсаттарына сәйкес оқыту материалдары мазмұны мен нысанына байланысты «Әріп», «Дыбыс», «Сөз», «Сөйлем», «Сөз тіркестері», «Мәтін», «Санамақ», «Шығармашылық жұмыс», «Әдістемелік бұрыш» тақырыптарына топтастырылған.

Қазақ әріптерінің жазылуынан бастап қазақ тілінің грамматикасы мен орфографиясын меңгеруге қатысты материалдар, соның ішінде интерактивті әліппе, жас ерекшеліктеріне сәйкес аудиодиктанттар, интерактивті ойындар, тапсырмалар, каллиграфиялық дағдыларды дамытуға арналған бастырмалар топтастырылған.

Қазақ тіліне ғана тән ерекше атаулар мен сөз тіркестеріне қатысты семантикалық түсіндірмелер берілген. Тұрақты сөз тіркестерінің мазмұнына назар аударылып, оларды қолдану ерекшеліктеріне қатысты интерактивті ойындар ұсынылған.

Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқуға арналған көркем мәтіндер, соның ішінде қызықты әңгімелер, тақырыптық өлеңдер, интерактивке негізделіп жасалған жаңылтпаштар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер де бар. Сол себепті бұл сайт балабақшаларда қолдануға таптырмас электронды құрал.

Сонымен қатар ұсынылатын мәтіннің мазмұнын түсініп, мазмұндауды, мазмұндама жазуды, тірек сөздер арқылы әңгіме құрастырып, өз ойын қалыптастыруға көмектесетін арнайы тапсырмалар бар.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, басып шығарып алуға болатын бояуға арналған ұлттық сипаттағы суреттер, сурет салуды үйретуге арналған материалдар орналастырылған. Қазақтың ұлттық киімдері, үй жабдықтары, этнографиялық атаулар мен ұғымдар, ұлттық ойын түрлері, этникалық сипаттағы ономастикалық атаулар, т.б. тақырыптар қамтылған.

Сайтта жалпы лингвистикалық мәселелерге қатысты, балалардың ой-өрісі мен сөз байлығының дамуына, азамат ретінде қалыптасуына, тәрбиеге қатысты арнайы мамандардың мақалалары, ғылыми еңбектері, сонымен қатар балабақша мен бастауыш сыныбының мұғалімдеріне көмекші құралдар, сабақ жоспарлары жарияланып отырады.

Сонымен аталған сайт балалардың сөздік қорын байыту арқылы қазақ тілінің қазыналы бай тілдік әлеміне жетелеу, оқу дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту сияқты дағдыларды қалыптастыру негізгі мақсатты құрайды.

... Жалпы, бала өз тілінде ойлап, өз тілінде сөйлеп, өз тілінде түс көргенде ғана ұлттық құндылықтарды бойына терең сіңіре алады. Ал ұлттық рух сүйегіне сіңген тұлға өз елінің шынайы патриоты болары анық.

...Бір қарағанда балаңыз тынышталуы үшін смартфонды қолына ұстатып, орыс тіліндегі мультфильмді қосып бере салғанда тұрған ештеңе жоқ. Алайда сол арқылы оның дүниетанымы, тілі қалыптасып жатқанын ұмытпаңыз.

Сіз сөйтесіз.. Сіз сияқты неше мыңдаған ата-ана солай істейді. Осыдан келіп неше мыңдаған баланың тілі өзге тілде шығады. Тіл тағдыры, балаңыздың тағдыры сіздің қолыңызда. Осыны көкейіңізде ұстасаңыз екен...

 

 

 

 

Әділбек Қаба, Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комиті төрағасы
05.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 136
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 132
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 136
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 318
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 942

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9015
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8411
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11636
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9394
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10621