Балқаш көліне қауіп төніп тұрған жоқ

Балқаш көліне қауіп төніп тұрған жоқ

Көлдің тұрақты деңгейде сақталуына (Балтық жүйесінің 341 М белгісінен төмен емес) жыл сайын оған 12 млрд м3 су ағынының құйылуымен кепілдік беріледі. Бұл ретте ағынның 70% – ы трансшекаралық Іле өзені арқылы келеді. Гидрологиялық деректерді талдау көрсеткендей, Іле өзенінің ағысы 2001 жылдан 2020 жылға дейін 13,8 млрд м3 құрады. Көлге жыл сайын шамамен 20 млрд м3 су ағыны қүйылады, Іледен кейінгі ең ірі өзендер – Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп Балқаш көлін сақтау бойынша арнайы жоспар әзірленді. Жоспарда өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды төгінділерін қысқарту, Іле өзені атырауының ағындарындағы тазарту және түбін тереңдету жұмыстары, ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта құру және суды үнемдеу үшін Іле өзені бассейнінде гидромелиоративтік жүйелерді қайта жаңарту және суарудың заманауи технологияларын енгізу, Іле өзені ағынының ауытқуын азайту үшін Қапшағай су электр станциясыың Кербұлақ контрреттегішін салу жөніндегі іс-шаралар көзделген.
Бұл іс-шаралар әзірленіп жатқан су ресурстарын басқару жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын болады.
Сондай-ақ, Балқаш көлінің экологиялық жай-күйін жақсарту мақсатында және Іле өзені атырауындағы балық қорларының өнімділігін қалпына келтіру және одан әрі молайту үшін 2006 жылдан бастап жыл сайын Алматы облысының әкімдігі көл атырауындағы арналарды кеңейтуді және тереңдетуді жүргізуде.
2020 жылы Балқашқа құятын арналарды механикалық тазалау және тереңдету бойынша 5 жоба іске асырылды. Биыл Іле өзені суының көлге құюын арттыру үшін 4 нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылы 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
02.07.2021

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 245
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805