Қазіргі уақытта аудан бойынша тұрғын үй салу үшін жер кезегінде 5906 азамат тіркелген. Оның ішінде, Шу қаласында – 4082, Төле биде – 1534, Алға ауылында 290 адам.
Алға ауылында 25 га тұрғын алқапты электр желісімен және ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталып, кезектегі 220 азаматқа жер учаскелерін үлестіру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Төле би ауылындағы 147,73 га тұрғын алқапқа электр желісі жүргізілген, сумен қамтамасыз етуге 688 млн теңге қаражат бөлініп, мердігермен келісім-шарт жасалынды, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Биылғы жылдың соңына дейін Төле би ауылынан кезектегі 859 азаматқа жер телімін беру жоспарланып отыр.
Шу қаласындағы 258,7 га тұрғын алқапқа электр желісі жүргізілген, көше жолдарын төсеу жұмыстары жүргізілуде, ауыз су құбырын жүргізуге бюджеттік өтінім берілген, жобалық-сметалық құны 981,6 млн теңгені құрап отыр