Басынбасын басқалар қайсар мінез қазақты!

Басынбасын басқалар қайсар мінез қазақты!

Желтоқсаншыларды лаңкеске теңеген Л.Ловягинаның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы заңгер, «Желтоқсан – 86» бірлестігі төрағасының орынбасары Әлібек Алмабаев әлеуметтік желіге жазды.

«Ловягинаға қатысты қылмыстық іс Сандықтау аудандық сотымен қозғалды. Қарау онлайн форматта болады. Кімдер осы іс бойынша куә болуға дайын? Осында аты-жөндеріңізді және жеке телефон нөмірлеріңізді көрсетсеңіздер», – деп жазды Әлібек Алмабаев.

Еске сала кетейік, «Желтоқсан – 86» бірлестігі желтоқсаншыларды лаңкеске теңеген шенеунікті бұған дейін сотқа берген еді. Оның алдында «Аманат» партиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы филиалының төрайымы Лариса Ловягина «1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы көтеріліс кезінде көшеге шыққандардың барлығы террорист болған» деген. Шенеуніктің бұл сөзін әлемжеліге алғаш Жеңіс Оспанов атты азамат таратты.

Арада бір күннен кейін Ловягинаның кінәсін мойындап, кешірім сұраған видеосы тарады.

«Кешірім сұраймын. Эмоция қосып сөйлегеніме өкінемін. Мен Қазақстанда туып-өстім. Осы жерде менің балаларым өсіп-жетілді. Қазақстанды, Отанымды сүйемін. Осы елде өмір сүремін», – деп ақталады Ловягина.

Кейін Ловягинаның қызметінен босатылғаны туралы мәлімет тарады. Сондай-ақ «Аманат» партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы М.Б.Отыншиевқа «Аманат» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасы А. Мысырәлімовадан жауап хат келді. «Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні «Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалына Ж.Ж.Каймерденовтен Сандықтау аудандық «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Л. А. Ловягинаның 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың атына жағымсыз пікірлер айтқандығы туралы жазбаша арыз келіп түсті. 19 желтоқсан күні облыстық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы қызметтік тексеру үшін Сандықтау ауданына барды. 22 желтоқсан күні партия филиалының Саяси кеңесінің Бюросында қызметтік тексеру нәтижелері шығып, Л.А.Ловягина атқарып отырған қызметінен босатылды». 

Бұл жағдай барлық Желтоқсан ұйымының мүшелерінің намыстарына тиіп,  ашу-ызаларын қоздыруда. Әлеуметтік желілерге, тиісті орындарға өздерінің азаматтық үндерін айтып, жазып, пікір білдіруде.

 «Елім, жерім, тілім деп ұлттық намыс үшін алаңға шығып, жастық өмірлерін қор қылып қудаланып, сотталып, түрмеде отырып келген қазақтың сол кездегі өрімдей ұл-қыздары, қазіргі жастары 60-70-ке таяған желтоқсандық ата-апаларына басқа ұлттың  көрсеткен сый-құрметі осы болды ма? Ұят қайда?..»

«Желтоқсандықтар ол әйелдің жұмыстан шығарылғаны жаза емес деген шешімге келе отырып, әрі қарай сотқа береді».

«Батырларым, бауырларым! «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, мына жалпы ұлттық мәселеге бей-жай қарамайық! Бұл халықтың жанайқайын айқайлап тұрып мінбеден айту керек. Жетер! Басқа ұлттар біліп алған бізді. Айтарын айтып алып, ертесі міңгірлеп кешірім сұрап тұрады. Босағадан кіріп, төр менікі дегенге дейін барып жүр бұлар. Тіліңді мүлдем білгісі келмейді, тіпті қорлап, балағаттауға дейін баратынына не дерсің? Бұл қандай мемлекет сонда? Шыдамның да шегі бар шығар? Өңшең азғындар мен намыссыздар жайлаған ел болдық қой!

       Басынбасын басқалар

        Қайсар мінез қазақты.

       Шаңыраққа қарасын,

       Доғарсын олар мазақты.

       Сыйласқанды білмесе,

       Әкесін де танытып,

       Көрсетерміз азапты!»

  «Осы кезге дейін желтоқсаншылар тәуелсіздік қарлығаштары, ардагерлері, батырлары, қаһармандары деп келгеннің бәрі құр босқа сөз жүзінде айтылып келеді. Еш жерде ешқандай заңмен бекітілген жоқ.  Міне, Жаңа Қазақстанның түрі!» 

Қатты ашынған Желтоқсан көтерілісінің күрескерлері еліміздің әр облыстарынан жиналып, бірлесе Сандықтауға сотқа баруға жүргелі жатыр екен. Осылай өздерін лаңкестерге теңеп, ар-ождандарына тіл тигізген балағаттаушы әйелмен кездесіп, заң жүзінде сөйлеспекші. «Тәуелсіздік 1986 Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Байниязовтан істің қалай жүріп жатқанын сұраған едік. «Алматы қаласы желтоқсандықтар атынан «Әз Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ербол Әбдірешов жазып, қалғандарымыз қолдап, қоғам мөрін басып бергенбіз. Енді ол әйелге сот не шешім шығаратынын Республика бойынша желтоқсандықтар күтіп отыр.

Сот шешімі қанағаттандырмаған жағдайда билікке басқаша талап қоюға дайын. Осы кездегі сот шешімі желтоқсандықтардың беделі, орыс әйелмен салыстырғанда салмақ, бағалары, дәрежесі қандай екенін көрсетеді деп ойлаймын.

Ендеше қазақта айтқандай, әліптің артын бағып көрейік. Оң шешім қабылданады деген үлкен үмітіміз бар»,-деді ол.

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 290
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 284
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 905

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8377
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586