Батыл қадам жасауға шақырды

 Батыл қадам жасауға шақырды

Оралда 5 маусымда өтетін республикалық референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осындай маңызды кездесу «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында ұйымдастырылды. 

Басты мақсат – бүкілхалықтық референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру, қоғамдық ой-пікірді талқылау. Кездесуге Орал қалалық штабының мүшелері Светлана Бахишева мен Нұргүл Ашикова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Исатай Жазықбаев, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестік төрағалары қатысты.

Алдымен сөз алған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Исатай Елубайұлы ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.  Ал қалалық мәслихат депутаты Светлана Меңдіғалиқызы бұл басқосу штабтың жоспарына орай ұйымдастырылғанын атап өтіп, соңғы кездері елімізде көптеген өзгерістер орын алғанын жеткізді. 

– Мемлекет басшысы алдына айқын міндеттер қойып, бұл ретте халықтың қолдауына сүйене отырып, маңызды шешім қабылдағанын білесіздер. Бұл туралы Президент биылғы өз Жолдауында жария еткен еді. Елімізде қаңтар оқиғаларынан кейін біраз нәрсенің өзгергенін байқауға болады. Оның себептерін өздеріңіз білесіздер. Президент саяси трансформациялау жұмысын бастады. Басты міндет – қалыптасқан жүйені жақсы жаққа өзгерту. Бұл өзгеріс үшін жалпыхалықтық дауыс беру қажет. Конституцияның өзгеруіне халықтан басқа ешкім ықпал ете алмайды, – деп, Ата Заңға енетін өзгерістерге кеңінен тоқталды.

Әріптесінің сөзін жалғаған Орал қалалық мәслихатының депутаты Нұргүл Әжібайқызы:

 – Ата Заңымыз бұған дейін де өзгергенін білесіздер. Ол кезде Парламенттің қарауына ұсынылып, депутаттардың дауыс беруімен өзгерген болатын.  Осы жолы жалпы халықтың пікірімен санасатын жақсы өзгерістер болайын деп тұр. Сіздерді қоғамымыздың жанашыры ретінде жаңа Қазақстанды бірге құру үшін бір кісідей атсалысып,  дауыс беруге шақырамын. Референдумға қатысу – азаматтық міндетіміз. Егер сізде «бізсіз де референдум өтеді»  деген ой болса, бұл өзгерістер енбейді, кейінге қалады. Жаңа Конституция қабылданса, бірнеше заңдар да өзгеруі мүмкін, – деді.

Шара барысында кездесуге қатысқан азаматтар қонақтарға көкейде жүрген сауалдарын жолдады. Чернобыл мүгедектерінің БҚО қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Тайманов болашақта президенттік және парламенттік басқару жүйесі болса, сайлау қорытындысын шығару жүйесіне өзгеріс керектігін айтты. «Демеу» мүгедектерді қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Біржан Қожақов мүгедектердің жағдайы және жол мәселесі туралы сөз қозғады. «Арнау-Батыс» қоғамдық бірлестігінің волонтеры Серік Айдана карантиннен соң мектептегі білім сапасы мен қоғамдық автобус мәселесін қозғаса, «БҚО паралимпиадалық және сурдолимпиадалық спорт түрлері федерациясы» президенті Азон Шаймарданов мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт зал мәселесіне назар аударды.

БҚО мүгедектерінің ерікті қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов мүмкіндігі шектеулі жандардың дұрыс заңдардың қабылдануынан үмітті екенін жеткізіп, ортақ мәселелерді ортаға салды. Жиын соңында қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ольга Исаева қалалық штаб мүшелеріне алғыс айтты. Өз кезегінде депутаттар мүмкіндігі шектеулі бола тұра қоғамға белсене араласып жүрген жандардың ұсыныс-пікірін тыңдап, кейбір мәселелер бойынша депутаттық сауал жолдауға уәде етті.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 92
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 612
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 730
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 642
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 651

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8786
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8186
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11414
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9168
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10399