Батысқазақстандық оркестрдің Тәуелсіздікке тартуы

Батысқазақстандық оркестрдің Тәуелсіздікке тартуы

Жуырда ғана 10 жылдық мерейтойларын атап өткен Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі Тәуелсіздік мерекесіне тарту жасамақ.

Классикалық туындыларымен көрерменнің құлақ құрышын қандырып жүрген өнер ұжымы тарту ететін Эльмира Усаеваның шығармашылық кеші 25 қараша күні су жаңа «Атамекен» өнер орталығының концерт залында өтеді. Никита Говоров дирижерлық ететін классикалық кеште осындай жанрдағы туындыға қызығушылығы ерекше, талғамы биік тыңдарман назарына барокко дәуірінің жарқын өкілдері, музыка әлемінде есімдері алтын әріппен жазылған Гендель және Вивальдидің туындылары жүрек тербеп, жанды тыныштандыратын болады.
           
Ал екінші кештің стилі ерекше. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Жасқайрат Валиуллиевтің «Тәуелсіздікке тарту» атты эклектикалық шығармашылық кешін сан түрлі өнердің басы тоғысқан кеш деуге әбден болады. Мұнда ән де, би де, сахна қозғалысы мен сахна тілінің озық үлгісі де көрсетіледі. Кеш облыстық камералық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді, бас дирижері Асхат Хасанов.

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
23.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Қандастарымыздың оралуына зор тосқауыл қоятын пилоттық жоба қайта қаралуы тиіс!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.02.2026 353
Екі достың арасын не бүлдірді?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 19.02.2026 200
Бізге қандай  өзгеріс қажет?
Болат ДҮЙСЕМБІ, экономист-саясаткер, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - 12.02.2026 277

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23645
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23299
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39855
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36777
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40954