БАУЫРЛАС ҚАЛАМГЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛЫП

БАУЫРЛАС ҚАЛАМГЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛЫП

 

Жуырда Жоғарышыршық ауданындағы №18 жалпы орта білім беретін мектепте қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 177 жылдығына арналған «Бауырлас қаламгерлерді еске алып» тақырыбында конференция өтті. Жиын, Ташкент облыстық Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Дәмір Қалдыбаев пен  Республикалық, аудандық орталықтар ынтымақтастығының ұйымдастыруымен өтті. Шараға Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі жанындағы Ұлт аралық қарым-қатынастар және шет мемлекеттермен достық байланыстар комитетінің бөлім бастығы Ирода Нематиллиева, танымал ақын-жазушылар Лола Жүнісқызы, Сабарбек Иманбеков пен ардагер журналистер Құлназар Ибрагимов, Қарахан Жораев, Өзбекстандағы Республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов, Жоғарышыршық аудандық бөлімінің төрағасы Ескендір Алашбаев, сондай-ақ орталықтың белсенділері Әзиза Дүйсенова, ардагер ұстаз Рабия Үсеровалар қатысты. 

Жоғары деңгейде өткен конференцияда «Дустлик» орденінің иегері ардагер Тұрсымат Қалбаев сөз сөйлесе, Серікбай Үсенов Өзбекстан көпұлтты мемлекет екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол қазақтарға жасалған қолайлылықтар, ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтауға барлық мүмкіндіктер қарастырылғанын тілге тиек етті. 

— Ташкент қаласында және жер-жерлерде қазақтың ұлы ақыны Абайдың ескерткіші мен мүсіндері, оның атындағы махаллалар бар. Одан басқа қазақтың әлемге әйгілі жазушылары Мұхтар Әуезов, Жамбыл Жабаевтың атымен аталатын көшелер де жеткілікті. Ташкент қаласында Төле би мен Шымыр атаның кесенесі бар. Мұның барлығы екі халықтың бір-біріне деген сыйластығының, достық қарым-қатынастарының нығаюына үлес қосуда, — деді С.Үсенов. — Елімізде жастар мен қыз-келіншектердің білім алуына кәсібін өрге домалатуына зор мүмкіндік берілген. Осындай жағдай жасаған елдің дамуына үлес қосу баршамыздың міндетіміз. 

Шарада сөз сөйлеген азаматтардың барлығы ұлтаралық достықты жоғары бағалап, өздерінің ойларымен бөлісті. Солардың бірі Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі жанындағы Ұлтаралық қарым-қатынастар және шет мемлекеттермен достық байланыстар комитетінің бөлім бастығы Ирода Нематиллаева.

— Абай қазақ халқының бетке ұстар ақыны. Сондықтан да оның туындылары түбі бір туыс барлық халыққа таныс. Ақынның өлеңдері мен қара сөздері кез-келген ұлттың жастарына таптырмас рухани азық алуға, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға зор үлес қосады. Ұлттардың салт-дәстүрін сақтауға, оны дамытуға, болашақ ұрпаққа жеткізуге қызмет етеді деп санаймын, — деді. 

Оқушылар ана тілімізде ән айтып, би биледі. Аудандағы №18, №22,  №6 мектептердің оқушылары белсенділік танытты. Бостандық ауданының тумасы, жас болса да елге танымал әнші, Ташкент облыстық Шыршық педагогикалық институтының студенті Жанғали Әділов Абайдың «Көзімнің қарасын» шырқап, келген қонақтарды өнеріне тәнті етті.

Жергілікті ақын-жазушылар өздерінің түрлі тақырыпта жазған өлеңдерін оқып, қатысушыларды поэзия әлеміне бойлады.

Аталмыш мектептің директоры Гүлзира Елібаева ұлы ақынның шығармашылығы жайлы баяндама жасады. Достықты, шығармашылықты кең насихаттауға арналған жиында белсенділік танытқандар, ақын-жазушылар және оқытушылар мен оқушылар, облыстық Қазақ ұлттық мәдени орталығының алғыс хаттарымен марапатталды. 

Адамдыққа, рухани тұрғыдан кемелденуге, ой-сананың толысуына ғасырлар бойы теңдессіз үлес қосқан туындыларды жастар арасында кең насихаттау баршаның міндеті. Ойымызды, аталған дүниелерді және достықты жастар арасында насихаттауда белсенділік танытып ақын, ардагер ұстаз, бірнеше кітаптардың авторы Лола Жүнісқызының «Мызғымасын достығы» атты өлеңімен шарамызды түйіндедік.

Бір шынардан өсіп шыққан, 

Қазақ өзбек — қос бұтақ. 

Сол бұтақтан өніп шыққан, 

Дініміз бір, тіл ортақ. 

 

Керек емес тәржіманың, 

Сізді бірден ұғамыз. 

Бір ұяның баласындай, 

Тіпті ұқсар тұлғамыз. 

 

Жадырасын көгімізде, 

Нұрын төгіп күніміз. 

Бақыт құшып бұл өмірде, 

Шаттаныңыз, күліңіз. 

 

Болашағы жарқын болсын, 

Өсіп жатқан ұрпақтың. 

Қадіріне жете білсін, 

Туған елдей жұмақтың. 

 

Бірлігіміз жоғалмасын, 

Арта берсін нығайып. 

Жақсы күнде осылайша, 

Алдыңызға шығайық. 

 

Жасай берсін екі елдің, 

Мызғымасын достығы. 

Өсе берсін абыройы, 

Төмендемей шоқтығы.

Айгүл ЕРКІН, Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы
03.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 163
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 374
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 347
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 962

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645