Базарлар бақылауда... Қымбатшылыққа жол жоқ!

Базарлар бақылауда...  Қымбатшылыққа жол жоқ!

Жуырда Үкімет басшысы Ә.Смайылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың       тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өткізді. Онда өңірлер бойынша тұрақтандыру қорларындағы қорлар тұрғысынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы және монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды.

Өңірлер бойынша бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуі Алматыда 0,6%-ға, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4%-ға тіркеліпті. Соңғы аптада тұрақтандыру қорларында 100,7 мың тонна көлемінде картоп қоры жинақталған. Сонымен қатар 31,7 мың тонна сәбіз, 24,5 мың тоннаға жуық қырыққабат, 23,5 мың тонна пияз, 11,6 мың тонна қарақұмық жармасы және 22 мың тонна күнбағыс майы бар. 

– Бүгінде өңірлер көкөніс өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін осы азық-түлік қорларын сата бастаған. Жекелеген көтерме-бөлшек сауда базарларында бағаны негізсіз көтеру байқалған. Бұған жол бермеу керек. Себебі бұл инфляция үрдістеріне ықпал етеді. Мүмкін бұл салада қадағалау органымен бірге тәртіп орнату қажет. Жедел шаралардан басқа, өндірушілердің көтерме-бөлшек базарларына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты заңнамалық нормаларды белгілеудің жүйелі шараларын әзірлеу қажет, – деді Ә.Смайылов. 

Кеңес барысында инфляцияны бақылаудың кешенді шараларын қабылдау мәселесі қаралды және 2022-2024 жылдарға арналған Инфляцияны бақылау және төмендету шаралары кешенінің жобасы әзірленді. Бұл жедел және орта мерзімдік сипаттағы 66 іс-шараны қамтитын 5 бағыттан тұрмақ. Олар өнім өндіру көлемін ұлғайтуды, тауарларды сақтауды, логистикасын, тасымалдауды, тауарлардың бөлшек саудасын, баға белгілеуді бақылауды, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуді көздейді. 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу, сондай-ақ Атырау, Қарағанды және Қостанай облыстарында сату кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету бойынша 5 акті жасады. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде қосымша жобаларды іске асыру мәселесін қарастырды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бағдарлама шеңберінде білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау саласындағы 130 жобадан тұратын тізім жасалды. 

«Жақсы сөз жарым ырыс», 2022 жылдың қорытындысы бойынша батыс өңірлерде 8 медицина нысаны, 15 білім беру нысаны, 14 спорт, 15 мәдениет нысаны, оңтүстік өңірлерде 26 медицина нысаны, 23 білім беру, 14 спорт, 15 мәдениет нысаны салынып, жаңғыртылады.  Аталған іс-шараларды іске асыру республиканың батыс және оңтүстік өңірлеріндегі 112 ауылдық елді мекенде тұратын 500 мыңнан астам ауыл тұрғындарына медициналық, білім беру, спорт және басқа да қызметтерді ұсыну сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.        

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
24.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 146
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 143
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 657
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 777
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 690
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 700

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8839
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448