Берік Әбдіғалиұлы: Экономикада ғана емес, саяси құрылымда да өзгеріс қажет

Берік Әбдіғалиұлы:  Экономикада ғана емес, саяси құрылымда да өзгеріс қажет

Елімізді үлкен өзгеріс күтіп тұр. Оның бағыт-бағдарын Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Мәжіліс отырысында анықтап берді. Бұл өзгерістер қандай сипатта жүруі керек? Не өзгеруі керек? Қалай жасалуы керек? Бүгінгі күннің басты сұрағы – осы. Бұл мәселе төңірегінде пікір білдірген Мәжіліс депутаты, мемлекетшіл азамат Берік Әбдіғалиұлы: «Қазіргі ахуалда жұмыс түбегейлі өзгеруі керек. Халық наразылығы, қақтығыс осыны көрсетті. Экономикалық өзгерістерден бөлек, саяси құрылым да түрленуі тиіс. Онсыз бұлғақтың алдын алу мүмкін емес. Көпшіліктің: «Жаңа Қазақстанда ояндық»,– деген сөзінің жаны бар. Бүлік кезінде Президент жауапкершілікті жеке өзінің мойнына алды. Үкіметке, әкім-қараларға нақты саяси міндеттер қойып жатыр. Үкіметтің, Парламенттің жұмысын өзгерту керек. Партиялар да өзгеруі тиіс. Әсіресе «Nur Otan» партиясы.  Халық пен билік арасындағы қатынас қайта құрылуы ләзім. Бұл – заман талабы. Қоғам өзгеріс күтіп отыр. Ол өзгерістер болмаса, Президент көтерген мәселелерді бір жақты етіп шешпесе, ел сенімін ақтамаса, халықтың көңілі қалуы мүмкін.  Мұны қалай өзгертуге болады? Мемлекет басшысы Үкіметке екі апта мерзім берді. Парламентте заң жобаларына талапты күшейту міндеті тұр. Қазір бір қорытынды жасап жатқан шығар. Басты нәрсе – билікке бұрынғыдай жұмыс істеуге болмайды! Үкімет те, Парламент те, «Nur Otan» да, «Ақ жол» да, басқа партиялар да халықтың алдында беделін түсіріп алғысы келмесе, мұны жақсы ұғынуы керек. Өйткені, талап қазір мүлде бөлек.  Заң талабына сай келсе, партия ашамын дегендерге де кедергі жасамауы керек. Тіпті, 20 партия болсын. Ең бастысы, азаматтардың біріккені, саяси ұйымдардың болғаны дұрыс. Кешегі көтерілісте, шеруде халықты ұйымдастыратын оппозициялық күш те, қоғамдық лидерлер де болмады. Оларға қоғаммен жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. Азаматтық қоғам дегеніміз – осы. Сайлау кезінде жалаң ұран көтеретіндер де, халықтың мұң-мұқтажын айтатын да жігіттер бар. Көпшілік әлі біле бермейтін көшбасшылар да бар. Ел тыңдайтын, сөзіне тоқтайтын тұлғалар да аз емес. Олар болашақта парламентке де, жергілікті мәслихаттарға да келуі қажет деп есептеймін», – дейді. Несі бар, өте дұрыс айтады. 

 

20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 64
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 64
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 536
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 485

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9189
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8587
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11815
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9584
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10798