Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі оқырмандарына неге қазақша сөйлемейтінін түсіндірді. «Менің кестем өте тығыз. Біздің отбасымыз негізінен орыс тілінде сөйлейді. Қазақшаға уақыт жоқ. Сәуірде мен 3 турнир ойнаймын, мамырға екеуі жоспарланған, сондықтан... Мұнда таңдау керек, шахмат немесе тілдерді үйрену. Бірақ мен тырысамын», – деді 19 жастағы спортшы.
Бибісара бір мысал ғана… Дәл солай ұлттық құрамадағы басқа қыздардың да қазақшасы оңып тұрған жоқ. Жалпы қазақ шахматының қазақшасы өте нашар. Енді, ұлттық құрамадағы қыздар ананы-мынаны сылтаурата бермей, өз ана тілін меңгеруге кіріссе екен. Шахмат өнерін меңгеріп, миына жүздеген комбинацияларды сыйғызып жүргенде ана тілін үйрене алмау ақылға қонымсыз дүние екен.