Билікті де, халықты да құтқаратын – шындық

Билікті де,   халықты да   құтқаратын – шындық

Алматы облысы әкімі Қ.Бозымбаевтың назарына!

Ел елеңдеулі. Бұқара оянды. Қаңтар қасіреті ұйқыдағы қазақты төсегінен жұлып алып, дүр сілкіндірді. Қазақ қалың ұйқыдан енді оянбайтындай сияқты еді. Жо-жоқ, қазақ рухы тірі екен! Намысы қайраулы қазақты енді ашуландырма! Желтоқсан көтерілісін жасау арқылы Кеңес империясының шаңырағын шайқалтқан қазақ төрткүл әлемді өзіне бір қаратса, Қаңтар оқиғасымен тағы да алпауыт НӘН-нің үрейін ұшырды, тағынан түсірді. «Енді не болар екен?» деп қана қоймай, жұмыр жер, оның ішінде кәрі құрлық Еуропа Қазақтанға көмек қолын созуда.

 

Еуропарламент, Англия, енді Германия санкция салуға дайын

Иә, алмас қылыштай шындықты дәл қазір жасыру мүмкін емес. Президент қазан қақпағының ашылып қалғанын сөз етіп еді, халық оны қолдады. Енді шегінетін жер жоқ. Алғашқы сүйінші хабарда 30-ға жуық жемқордың аттары аталды. Ел басшысы тағының шайқалмауын көксесе, осы жемқорлардың 30 жыл бойына жұтқанын «құстыру» керек. Одан басқа жол жоқ. Себебі барлық мәселе халықтың көз алдында жарқырап тұр. Халық ақымақ емес. Халық әлі де Президентке үміт артып, сеніп отыр. Кешегі қазақша сұхбатында 15 наурызда үндеу жариялайтынын айтты. Осы үндеумен Президент нақты шешім, күрт бетбұрыс жасауы қажет. Халық соны талап етеді. «Халық айтса қалып айтпайды». Әйтпесе...

 

НӘН және оның отбасы туралы БАПТАРДЫ қалай жоямыз?

Халықтың басты көксегені не? Неге алаңдайды? Нені талап етеді? НӘН және оның айналасындағылардың жемқорлық жолымен жинаған ұланғайыр байлығын мемлекетке қайтару. Барлық жерде де әділеттілік салтанат құруы. Оларды соттау. Бұл мәселелер жөнінде алдымен билік қандай қарекеттер жасап жатыр? Соған тоқталайық. Үкіметтің кезекті отырысына қаржы министрі Е. Жамаубаев былай деді: «Шетелге заңсыз әкетілген қаражатты және онда сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі ұсыныстар бойынша мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, барлық мүдделі мемлекеттік ортақ басшыларының қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Капиталды елге қайтару және шетелге, оның ішінде офшорлық юрисдикцияларға қаражаттың кетуіне қарсы бағытталған шараларды күшейту жөнінде нақты ұсыныстар әзірленетін болады». 

Халық белсенділері де комиссия құрып, қатаң шара қолдануға әрекет етіп жатыр. Кезінде лауазымды қызметтер атқарған Оразалы Ержановтың ұсынысы көңіл аударарлық. Ол «республикалық референдум жасалуы керек» дейді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 200 мың азаматтың қолын жинау қажет екен. Бұл жерде тұңғыш Президент-Елбасы мұндай жағдайға ұшырағанда өзіне ешкімнің тиіспеуі жөнінде заң шығарып қойған. Оның залымдығы сол, ол тек өзі емес, отбасын да қорғайтын Ата заңда арнайы бап бар (3,10-баптар). Мұны бәрі біледі. Оны референдум және билік қана бұза алады екен. Референдумда екі мәселе жүзеге асуы тиіс. 1. ҚР тұңғыш Президенті-Елбасы туралы ҚР конституциялық заңның күшін жою. 2. Жекешелендіру кезінде заң бұзушылықтар арқылы жекеге өтіп кеткен барлық ірі кәсіпорындарды мемлекет меншігіне қайтару. Ал билікті жоя алатын жоғарыда аталған заңдарды референдумсыз-ақ жоя алатын күші бар. Яғни тағы да бұл мәселе Президентке тіреліп тұр. Айқай да керек. Бірақ біз бірігуіміз керек. Сонда елдің көксегені жүзеге асады. 

 

Осы күнге дейін бірде-бір полиция ұсталған жоқ. Неге?

Елді ашу-ызаға булықтырып жатқан мәселе бейбіт адамдарды полициялардың азаптауы. Деректер жетерлік. Азаптау, қорлау, зұлымдықтар жасалынып жатқандығы дәлелденді. Бірақ бірде бір зорлық көрсеткен полиция ұсталып, жазаланбай отыр. Неге? Өткен аптада елді шулатқан мәлімдеме жасалды. Оны жасаған Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов. Алдымен айтқан сөзін оқиық. 

«Қазір ақпарат кеңістігінде тергеу изоляторындағы азаптаулар туралы жалған ақпарат жаппай тарап жатқаны байқалады. Олар шындыққа сәйкес келмейді, қоғамды адастырып болып жатқан шынайы көріністі бұрамалайды деп жауапкершілікпен айта аламыз. Тіпті «Алматыдағы изоляторда орта ғасырлық инквизиция стиліндегі азаптау камералары бар» деген сандырақ хабарламалар тарап жатыр. Мұндай нәрсе жоқ және болуы да мүмкін емес». 

Сонда сол азаптауларды бастан кешкен адамдар қай жерден азапталып келіп жатыр? «Көрмес түйені де көрместің» кебін жасап отырған Ешмағанбетов шынында да болып жатқан сұмдықтарды білмегені ме, көрмегені ме?

 

Шетелдегі бауырлар шырылдап, әділеттілікті талап етуде

Еуропадағы бауырларымыз «Азаптаулар тоқтатылсын!» деп шеруге шықты. Америка Құрама Штатындағы «Қазақ жастарының тәуелсіз-саяси оппозиция ұйымының мүшелері жақында мәлімдеме жасады. Олардың ішінде Қытайдың Шыңжаң өлкесінде тұратын қазақтарды азаптау тоқтатылсын!» деп айтылған бір тарауы бар. Екінші тарауында қаңтар оқиғасына қатысқан бейбіт тұрғындарды да азаптамауға қарсылықтарын айтады. Рахмет, бауырлар!

Ертай Айғалиұлы
24.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 83
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 604
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 721
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 633
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 643

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8780
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8180
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11409
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9163
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394