Білім экспорты мен цифрлық хаб: Қазақстанның ғылымдағы жаңа бағыты

Білім экспорты мен цифрлық хаб: Қазақстанның ғылымдағы жаңа бағыты

Қазақстан енді жоғары білім секторын экономикалық өсудің ұзақмерзімді драйверлерінің біріне айналдыруды мақсат етіп отыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі елді Орталық Азияда академиялық зерттеу орталығы, яғни хабы ретінде қалыптастыруға бағытталған бірнеше ірі бастаманы қатар іске асырып жатыр.

Былтыр министр Саясат Нұрбек Астанада Колумбия университетінің магистранттарымен болған кездесуде Қазақстандағы жоғары оқу орындарына шетелдік студенттерді тарту мәселесін талқылап, ондағы басты бағдар – тек ішкі сұранысты қамтамасыз ету емес, керісінше әлемдік білім айналымына кірігу екенін айтып еді. Нақтылап айтсақ министрлік 2 миллиардқа жуық халқы бар аймақтардан жастарды тартуды көздейді. Бұл жоғары оқу орындарын интернационалдандыру, шетелдік университеттердің филиалдарын ашу, нормативтік және қаржылық қолдаудың жаңа пакетіне дейінгі шараларды қамтиды. Жаңа жобалар аясында инфрақұрылымға ірі инвестиция салу, лицензиялау жүйесін қайта құру, академиялық орталық үшін жаңа құқықтық база жасау да жоспарланған.

Мұндай стратегия оқу орындарына қосымша ресурс әкелумен қатар, зерттеу сапасын күшейтуге, инновацияны нарыққа шығару жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Әлемде білім беру мен ғылыми зерттеу технологиялық экономиканың негізгі капитал түріне айналғалы Қазақстан бұл бағыттан шет қалмауға тырысып келеді.

Халықаралық сарапшылардың зерттеулерінде шетелдік студенттердің ел таңдауына әсер ететін алты фактор жиі аталады: білім сапасы, қолжетімділік, зерттеу-инавациялық деңгей, интернационалдандыру деңгейі, жұмысқа орналасу мүмкіндігі және мемлекеттің қолдау тетіктері. Қазақстан дәл осы алты көрсеткіштің барлығын жүйелі түрде жақсартуға талпынып жатыр.

Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Қазақстанды білім және ғылым орталығына айналдыру» стратегиялық бағытының қисынды жалғасы. Жоғары білім экспорты – енді жеке университеттік жоба емес, мемлекеттік экономикалық саясат элементіне айналып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясаттың стратегиялық бір басымдығы ретінде ғылымға да көңіл бөлуді назардан тыс қалдыроған емес. Осы жылғы қыркүйекте Америкаға барған сапарында Нью-Йоркте АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» отырысында ғылымға қатысты мәселелерге тоқталғын-ды.

– Қазақстан бірте-бірте өңірлік академиялық және ғылыми-зерттеу хабына айналып келеді. Бүгінде елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылған. Олардың қатарында Аризона университеті, Колорадо тау-кен мектебі, Дьюк университеті, Пенсильвания штаты университеті, Миннесота университеті және Нью-Йорк кино академиясы секілді америкалық жетекші жоғары оқу орындары бар, – деді Президент.

Сондай-ақ Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасының 800-ден астам стипендиаты АҚШ-тың Гарвард, Массачусетс технологиялық институты, Стэнфорд, Чикаго университеті секілді маңдайалды оқу орындарында білім алып жатыр.

Осыған орай Президент жас буын көшбасшыларын қалыптастыру үшін америкалық университеттермен және зерттеу орталықтарымен бірлескен жобалардың аясын кеңейтудің маңыздылығын да атап өткен еді.

Президент атап өткен маңызды бағыттардың бірі – цифрлық трансформация. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, алдағы үш жылда Қазақстан толыққанды цифрландырылған мемлекет форматына көшуді және Еуразия кеңістігінде цифрлық трансформация мен жасанды интеллект бойынша жетекші ІТ-хабқа айналуды көздеп отыр. Бұл мақсатқа әлемдік технология индустриясының ең ірі ойыншыларының тартылуы да дәлел бола алады. NVIDIA, Amazon, Starlink, Microsoft сынды халықаралық компаниялар қазақстандық цифрлық экожүйені қалыптастыру үдерісіне белсенді араласып, түрлі бағыттарда ынтымақтастық орнатып келеді. Президент бұл факті Қазақстанның ІТ даму әлеуеті өте жоғары екенін көрсететінін айтты.

Сағадат Бақытбек

27.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 671
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 813

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19596
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19407
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34531
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33095
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36915