Ол – Түркия Президенті Реджеп ЕРДОҒАННЫҢ аузынан шыққан “ATA TOPRAKLARIMIZDA…” деген сөз
Бұл сөз әлемнің барлық тілдеріне аударылып, жер-жаһанға тарап кетті. Жер-жаһанға тараған соң, сол елдің саяси көшбасшылары да естиді. Басынан сөз асырмайтын Түркия Президенті “неге “Ата жұртымызда”, неге “Ата топырағымызда” деп айтты деп, тарихты оқи бастайды. Сол кезде Қазақ пен Түріктің ежелден туыстығын, ықылым замандарда Алтайдан Ақтеңіз жағалауына, яғни бүгінгі Анадолыға қоныс аударып, шығыс пен батыстағы талай елді билеген қайсар халық түріктер мен Ұлы даланы қызғыштай қорғаған қазақтың түбі бір туыс екенін білетін болады. Ал бұл білу…
“Қазақтарда мемлекет болмаған”, “Қазақстанның Солтүстік облыстары мен Шығысы біздің жеріміз” деп шәуілдеп жататындарға сабақ болады.
Кез келген Президенттің мықтылығы көрші елге көз алартып, соғыс ашу емес, керісінше көрші елдің тәуелсіздігін мойындап, жерінің тұтастығын, халқының тілін, салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін т.б. ұлттық құндылықтарын құрметтеп, дос бола білуінен көрінеді.
Мұны Ердоған мен Тоқаев саясаты айқын көрсетіп отыр.