Бір жарым мың қарағандылық отбасы тегін азық-түлік себетін алады

Бір жарым мың қарағандылық отбасы тегін азық-түлік себетін алады

«Ел тірегі – Елбасы» қайырымдылық акциясы аясында Қарағанды облысында 1 500 отбасы азық-түлік жиынтығын алады. Акцияны ұйымдастырушы – «Халық» қоры өнімдерді жеткізуді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Азық-түлікті буып-түюге және оны адресаттарға дейін жеткізуге Қарағанды қалалық штабының волонтерлері қатысады. Оған күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және жаңа жылдық кәмпиттер жиынтығы кіреді.

Қолдау аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ материалдық жағдайы қиын ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға көрсетіледі.

Желтоқсан айында республика бойынша 20 мың отбасы кезекті рет азық-түлік жиынтығын алады. Ал бұл жалпы сомасы 520 млн теңгеге 1 млн кг-нан астам қажетті өнім.

«Шынымен қажет адамдармен жылуды бөлісу өте маңызды. Көрсетілген көмектің арқасында қиын өмірлік жағдайларға тап болғандарға да мереке сезімі келеді», – делінген қордың үндеуінде.

Жомарт Шаймұрат
07.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ 86 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 01.05.2025 11
Тоқырауын толқиды, Нұра шалқып
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 01.05.2025 13
 ҚАЗЫҒҰРТТА БІРЛІК КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 01.05.2025 24
АСТАНАДА ЖАҢА ОРМАН ПАЙДА БОЛДЫ
Нағашыбай Қабылбек - 30.04.2025 118
АҚТӨБЕ ӨҢІРІ ӘЛИянЫҢ  100 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУДЕ
М.ТАБЫН, Ақтөбе облысы - 30.04.2025 138

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5966
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6108
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21084
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19712
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23183