Бірінші «Nauryz» Ұлттық телехикаялар бәйгесіне өтінім қабылдау басталды

Бірінші «Nauryz» Ұлттық телехикаялар бәйгесіне өтінім қабылдау басталды

Отандық сериалдардың контентін кәсіби тұрғыдан бағалайтын «Nauryz» Ұлттық бәйгесі 2023 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет өткізіледі. «Nauryz» Ұлттық телехикаялар бәйгесіне қатысуға nauryz-awards.kz сайтында өтінім қабылдау басталды. Өтінім беру 2023 жылдың 15 наурызына дейін жалғасады.

Бәйгеге 2021 жылғы 1 қаңтар – 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде, YouTube және басқа да платформаларда көрсетілген сериалдар қатыса алады. Конкурстық өтінімдерді республикалық және аймақтық телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар және сериалдарды өндіретін медиа индустрияның басқа да ұйымдары бере алады. Конкурс 13 номинация бойынша өтеді:

1. Үздік тарихи сериал. 2. Үздік драмалық сериал. 3. Үздік комедиялық сериал. 4. Үздік веб-сериал. 5. Үздік актер. 6. Үздік актриса. 7. Екінші пландағы үздік актер. 8. Екінші пландағы үздік актриса. 9. Үздік режиссер. 10. Үздік сценарист. 11. Үздік қоюшы-оператор. 12. Үздік монтаж. 13. Үздік саундтрек. Бәйгенің негізгі мақсаты – сериалдық контентті дамытуды қолдау, отандық және халықаралық онлайн-платформаларда қазақстандық телехикаяларды көрермен арасында танымал ету. Жеңімпаз есімдер наурыз айында белгілі болып, оларға NAURYZ арнайы мүсіншесі және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.

ГОЛРОХ ЖЕМЕНЕЙ
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 14
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 22
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 28
 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 26

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 999
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7048
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10894
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7117
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7259