Бірінші орында – өзбектер

Бірінші орында – өзбектер

Өткен аптада Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия біріншілігі аяқталды. Аталған турнирде жалпыкомандалық есепте Өзбекстан былғары қолғап шеберлері 21 медаль (оның 14-і – алтын, 4-уі – күміс, 3-еуі – қола) еншілеп, бірінші орын алды. Барлық жиынтығы 20 медаль (5, 3, 12) олжалаған Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленсе, үздік үштікті 8 медальмен (3,4.2) шаршы алаң иелері – Таиланд құрамасы түйіндеді. Азия чемпионы атағын ұлттық құрама сапынан ерлерден: Санжар Тәшкенбай (48 келі); Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг); Махмұд Сабырхан (57 кг), қыздардан: Жасмин Қизатова (70 кг) мен Гүлсая Ержан (81кг) жеңіп алды. Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екінші орын иеленді.

Жалпыкомандалық медаль есебі бойынша үздік үштіктен кейінгі орындарға: 4. Моңғолия – 9 (1-4-4); 5. Филиппин – 4 (1-1-2); 6. Қытай – 5 (0-4-1); 7. Вьетнам – 4 (0-1-3); 8. Непал – 4 (0-1-3); 9. Индонезия – 2 (0-1-1); 9. Камбоджа – 0-1-1; 11. Қырғызстан – 7 (0-0-7); 12. Тәжікстан – 3 (0-0-3); 13. Сингапур – 1 (0-0-1); 14. Малайзия – 1 (0-0-1) құрамалары жайғасты.

Ермек Сахариев
02.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1169
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7216
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11080
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7281
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7427