Референдум

«БІРЛІК ОТЫ» – ұлттық рухты жаңғыртудың символдық моделі

«БІРЛІК ОТЫ» – ұлттық рухты жаңғыртудың  символдық моделі

Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың назарына

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

 

Мен, «Адай ата – Отпан тау» этно-мәдени орталығы тұжырымдамасының авторы ретінде, тәжірибеде қалыптасқан және халықтық сипат алған рухани бастаманы жаңа сапалық деңгейге көтеру жөніндегі ұсынысты назарыңызға ұсынамын.

Жиырма жыл бойы Маңғыстаудағы Отпан тауда Амал мерекесі қарсаңында (барынша ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтар шеңберінде) «Бірлік оты» («Ұран от») жағылып келеді. Уақыт өте келе бұл рәсім өңірлік шара шеңберінен шығып, ұлттық бірліктің, тарихи жады мен рухани сабақтастықтың нақты символына айналды.

Ұсыныстың түйіні: Жыл сайын 13-нен 14-на қараған түні Қазақстанның барлық өңірлерінде бір мезгілде «Бірлік отын» жағу дәстүрін енгізу.

Бұл бастаманың мәні: Сыртқы әсерге емес, ішкі рухқа негізделген әрекет. Сөзден гөрі мағынасы терең үнсіздік арқылы бірлікті сезіндіру. Ұлттың өзін-өзі тану сәтін символдық деңгейде бекіту.

Маңыздылығы: «Бірлік оты» – тәжірибеде сыналған, халық қабылдаған рухани модель. Оны ұлттық деңгейге көтеру – кездейсоқ бастама емес, тарихи қажеттілік.

Күтілетін әсер: Ұлттық бірегейліктің нақты символ арқылы бекітілуі. Қоғамдық сананың бірігуі. Жастардың тарихи жауапкершілік сезімінің артуы.  Қазақстанның рухани бастамашыл ел ретіндегі орнының нығаюы.

Стратегиялық перспектива: Бұл бастама алдағы уақытта түркі мемлекеттері деңгейінде жалғасын тауып, ортақ рухани кеңістіктің жаңа форматына айнала алады.

Осы ұсынысты тиісті деңгейде қарастырып, қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын.

 

Сабыр Адай,

«Адай ата – Отпан тау» этно-мәдени орталығы 

тұжырымдамасының авторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

18.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23928
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23601
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40903
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37018
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41266