Бірлік пен тұрақтылық – ел болашағының негізі

Бірлік пен тұрақтылық – ел болашағының негізі

 

  Барлық халықтың өмірін айқындайтын өзіндік рухани қазыналары болмақ. Ал қазақ халқы үшін сол қазыналардың ішіндегі ең қымбаттысы – бірлік пен тұрақтылық. Бұл екі ұғымды бір-бірінен бөліп  қарай алмаймыз.  Негізі халық бірікпей, тұрақтылық орнамайды, ал тұрақтылық болмаса, бірлікті сақтап қалу  қиынға соғады. Қоғамдағы бірліктің қадір-қасиеті – әр адамның бір-біріне деген құрметінде жатыр. Біздің елімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүруде. Оларды біріктіретін нәрсе –  Отанға деген сүйіспеншілік,  тарих пен  болашақ оларды ортақ басын қосып біріктіреді. Адамдар бір-бірінің тіліне, салтына, дініне құрметпен қарап, өзара тату-тәтті өмір сүруі қажет.  Сенім татулық бар жерде пайда болады, ал сенім бар жерде кез келген іс жүреді. Отбасындағы татулық та осындай болмақ.

  Біздің елімізде ең үлкен байлығымыз – өзара құрмет, түсіністік және татулық. Бірлік дегеніміз – ортақ тағдырға бірігіп, бір мақсат жолында бірге әрекет ету, адамдардың бір-бірін қолдауы. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендей бірлігі жарасқан ел  зор жетістіктерге жете алады, кез келген қиындықты жеңеді. Сондай-ақ ел дамуының басты шарты – тұрақтылық. Ол дегеніміз  қоғамдық тәртіп, бейбіт өмір, заңның үстемдігі мен  әр адамның  ертеңгі күнге артқан үміті. Тұрақтылық жоқ жерде даму болмайды, адамдардың болашаққа деген сенімі жойылады.  жоғалады. Сол себепті тұрақтылықты сақтау – бәрімізге орақ міндетіміз. 

  Заңды сақтау, тәртіпті бұзбау, жанжалдан аулақ болу – бәрінің  тұрақтылыққа қосқан үлесі болмақ.  Әр адам өз орнында адал жұмыс істесе, елдің тұрақтылығы да нығая түседі.Бүгінде жас ұрпақты осы құндылықтар рухында тәрбиелеу – ең маңызды міндеттің бірі. Әр адам баласына  кішкентай кезінен бастап  үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, Отанын сүюді үйреткен жөн. Ол үшін осы мақсатта мектепте, мекемеде, отбасында тәрбиелік сағаттар, кездесулер, мерекелік іс-шаралар өткізу керек. Міне осыдан ғибрат алып жастар бірлік пен тұрақтылықтың  қадірін біліп, түсінсе , еліміздің болашағы жарқын болмақ. Бірлік пен тұрақтылық – жай ғана айтыла салатын жылтыр сөздер емес.  Олар  біздің күнделікті өміріміздің, ұлттық болмысымыздың, мемлекетіміздің, ел болашағының  берік негізі болып табылады. Сол үшін де  осы  құндылықты көзіміздің қарашығындай сақтасақ, еліміздің жақсы өркендеп дамиды.  Басты байлығымыз  бірлік пен татулық деп білеміз. Әрбір  жанның азаматтық парызы - осы құндылықтарды сақтау.

                                                                                                                  

                                                                                                                               

Шаргүл Қасымханқызы
27.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29935
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29483
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46707
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42269
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 47058