Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды. Басқосу барысында бұқаралық спортты дамыту шаралары қаралып, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы есеп берді.
Биылғы жылы өңірде бұқаралық спортты дамыту үшін бюджеттен 418,5 млн теңге қарастырылып отыр.
І жартыжылдық қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 496 мың адамға жетті.
Бұқаралық спорттың дамуына тың серпін беру мақсатында облыстағы 153 ауылдық округ толықтай спорт нұсқаушыларымен қамтылған.
Жалпы, өңірде 303 спорт нұсқаушысы бар, оның 250-і аудандарда еңбек етіп жүр. Өткен жылмен салыстырғанда спорт нұсқаушыларының саны 23 адамға өскен.
Соңғы мәліметтерге сәйкес халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 64,9 пайызды құрап отыр. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 66 пайызға арттыру жоспарлануда.