Үкімет отырысында бизнеске қойылып жүрген басы артық талаптардың заңнамадағы үлесін атаған ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров: «Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті реттеудің 44 саласы түгел қаралды. Онда 2 823 нормативтік құқықтық акт талданып, 128 119 талап анықталды. Ол талаптардың 10 108-і немесе 8 пайызы жаңа реттеу саясатының базалық шарттарына сәйкес келмейді. Заңнаманы кәсіпкерлікті реттеудің жаңа саясатына сәйкестендіру жұмыстары осы жылдың алғашқы жартыжылдығында аяқталмақ. Өткен жылдан бастап реттеуші мемлекеттік органдар заңға тәуелді актілер шеңберінде талаптардың күшін жою және қайта қарау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмысты ағымдағы жылдың 1-2 тоқсанында аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді.