Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (15-1, 6 КО) Люблинде (Польша) өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Ол бұл кеште ОАР боксшысы Сифосет Мвуламен жұдырықтасты, ал жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBA InterContinental титулы сарапқа салынды. Айқас 12 раундқа есептелген болатын, алайда Сойлыбаев 7-раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Айта кетерлігі, Мвула бұрын жеңіл салмақта IBF Continental Africa белбеуінің иегері болған. Сонымен қоса, бұл бокс кешінде әуесқойлар арасында әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (5-0, 2 КО) грузиялық Яго Кизирияны, ал Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) титулды кездесуде аргентиналық Марсело Эстебан Косересті жеңді.