Болашаққа негіз қалайтын «Мектепке жол» акциясы

Болашаққа негіз қалайтын «Мектепке жол» акциясы

  Осыдан біраз жыл бұрын жаңа форматқа ауысып,  өзге қайырымдылық акцияларына  қарағанда  оқушыны  материалдық-әлеуметтік жағынан қамтудан көш бастаған «Мектепке жол» акциясы Алматы қаласы Жетісу ауданындағы №148 мектеп-гимназиясында да үлкен қолдауға ие болып келеді. Ізденімпаз әрі білімді шәкірттері көп  мектеп-гимназиямызға Гүлмира Әбітай басқарған «Қарекет» қайырымдылық қорынан 45 спорттық киім бөлініп, аталған киім-кешек  көпбалалы аз қамтылған отбасына таратылды. Қайырымдылық бұнымен тоқтаған жоқ. Әлеуметтік педагог пен  мектеп басшылығы арасында оқу жылы соңында акцияның қоры мен жоспары талқаланды. Көмекке зәру көпбалалы және жағдайы орташа отбасылар жаңадан есепке алынды. Биылғы жылы жалпы міндетті оқу қорынан тұлдыр жетім және күнкөріс деңгейі төмен көпбалалы аз қамтылған отбасылардан шыққан 200 оқушыға 35 мың теңге мектеп формасына және 8000 теңге оқу құралдары (кеңсе тауарлары) әр оқушыға 43000 теңгеден жалпы сомасы 8 млн 600 мың теңге бөлінді. Бұл бұрынғыға қарағанда биылғы нарықты, қымбатшылықты  және әлеуметтік жағдайды есептеп қарастырып реттеп жатқанын әр отбасы түсінуі керек. Сондай-ақ,  көмекке зәру отбасыларға қолын ұшын созып, аталған шараға   бірауыздан  атсалысып келе жатқан ауданымыздың кәсіпкерлері мен ауқатты ата-аналарына алғысымызды айтқымыз келеді. Бұл тұрғыда демеушілер атынан  екі-үш оқушыға молынан көмек берілгенін айта кеткен артық болмас.

Иә, жыл сайын игі дәстүрге айналған осындай акция қаншама отбасыға үміт пен шуақ сыйлайды. Мұның өзі «оқимын, жетемін, жетілемін» деп отырған әр шәкірттің,  талабы қанаттының өзіне шын қуаныш! Ендеше, осындай сабақтастық жоғалмай, қайырымдылықтың қатары көбейе берсін дейміз!

P.S. «Мектепке жол» акциясы арқылы кәсіпкерлермен қатар жекелеген адамдар, компаниялар да қайырымдылық көрсете алады. Жаңа оқу жылына әр баланың жаңа киіммен, көтеріңкі көңіл күйде барғаны жақсы болғанымен, бұған мүмкіндігі жетпейтіндер аз емес. Қамқорлық жасаудан сіз де қалыс қалмаңыз!

 

 

 

 

Әсел ТЕГІС, №148 мектеп-гимназияның әлеуметтік педагогі
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 165
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 374
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 347
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 962

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645