Бұдан былай «Дала қыраны» қазақ жерінде ұшпайтын болады

Бұдан былай «Дала қыраны» қазақ жерінде ұшпайтын болады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге ресми сапары алдында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «НГ» басылымына сұқбат берді. Онда еліміздегі қаңтар оқиғасындағы ахуалға, екі ел арасындағы қарым-қатынасқа егжей-тегжейлі тоқталған. Алексей Бородавкин – аузына не келсе, соны лақ еткізетін кейбір ресейлік депутаттардай емес, түйгені мол кәнігі дипломат. Ол екі елдің әріптестігі мен қайшы тұстарын дәл әрі нақты суреттеп көрсеткен. Сол сұхбатында Ресей елшісі қазақстандықтар әлі естімеген жаңалықтардың шетін шығарды. Бұл, әсіресе, әскери одақтастық мәселесіне қатысты. Ол: «Қазақстан одақтас ретінде өз міндеттерін мүлтіксіз орындап отыр. Осы салада міндеттемелерін берік ұстанып, Қазақстан америкалық және британдық әуе күштерінің ауған маршруты бойынша өз аумағынан ұшып өтуіне келісім бермеді. Қазақстан өз аспанында бұл елдердің мұздай қаруланған әскери ұшағы пайда болса, онда Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де қауіпсіздігіне қатер төнетінін түсінді. Өйткені, бұл ұшақтардың люкінде «ауа-жер» қанатты зымырандары да болуы мүмкін еді.

Тоқаев президент болғалы елімізде АҚШ және басқа да НАТО елдерінің әскерилері қатысатын, жыл сайын өтіп келген «Дала Қыраны» бітімгерлік оқу-жаттығуы өтпейтін болған. Қазір біз Вашингтон мен Солтүстік атлантикалық альянс Ресейге қатысты бейбітсүйгіштіктен мүлде аулы алыс саясат ұстанғанына куә болып отырмыз. Менің білуімше, бұдан былай «Дала қыраны» Қазақстанда ұшпайтын болады», деді.   Алексей Бородавкин келтірген мәлімет бойынша, Қазақстан қару-жарақты толықтай Ресейден алуға көшкен. Өйткені, «екі жақты немесе ҰҚШҰ аясында бірлескен әрекет еткен жағдайда, қару мен әскери техниканың толық үйлесімдігі қажет» көрінеді. Елші ҰҚШҰ құрамындағы ресейлік қарулы күштердің келгенін тілге тиек ете келе: «Қаңтар оқиғасы біздің қарулы күштерімізге, құқық қорғау органдарымыз бен арнайы қызметтерімізге бұдан әрі де тығыз серіктестік пен үйлесім қажет екенін дәлелдеп берді», деп түйіндеді сөзін.  

Ермек САХАРИЕВ
09.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 197
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785