Бүгін Халықаралық шала туған нәрестелер күні

Бүгін Халықаралық шала туған нәрестелер күні
№4 облыстық перинаталдық орталығында 1 қаңтар күні 21 бала туылған
17 қарашада бүкіл әлемде Халықаралық шала туған нәрестелер күні аталып өтті.
Жыл сайын әлемде 15 миллион сәби, ал Қазақстанда 22 мыңға жуық сәби шала (4,9-5%) туады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
 
Ведомствоның мәліметінше, неонатологтардың жұмысының арқасында балалардың өмір сүру көрсеткіші артып, бүгінде 70-80 пайызға жетіп отыр.
 
2022 жылдың 9 айында елімізде 299 711 сәби дүниеге келді, олардың 16,3 мыңы – мерзімінен бұрын туған сәбилер.
 
«Шала туған нәрестелердің өмір сүру көрсеткішін жақсарту үшін Қазақстанда ДДСҰ ұсынған және дәлелді медицина қағидаттарына негізделген өкпе тінінің жетілуіне арналған жаңа технологияларды және заманауи диагностикалық және емдеу аппаратурасы мен дәрілік заттарды пайдалана отырып, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия әдістері енгізіліп, үздіксіз дамып жатыр», – дейді министлік.
 
Қазақстанда 39 перинаталдық орталық және 2 республикалық деңгейдегі акушерлік ұйым жұмыс істейді, оларда жаңа туған нәрестеге дер кезінде медициналық көмек көрсету және қажет болған жағдайда босанғаннан кейінгі алғашқы күндері хирургиялық ота жасау үшін әйел босанғанға дейін ауруханаға жатқызылады.
smi24.kz
18.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5343
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5500
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20470
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19099
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22559