Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тұрақты даму мақсаттары

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тұрақты даму мақсаттары

Ағымдағы жылдың ақпан айының соңғы апталарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақтылық және коммуникация» атты II Халықаралық қысқы PR мектебі өтті. Іс-шараны ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы жариялаған Халықаралық ана тілі күні аясында, Журналистика және коммуникация бойынша ЮНЕСКО және Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедралары ұйымдастырды.

Қысқы мектепке қазақстандық БАҚ өкілдері, PR мамандары, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ауғанстаннан білім алушылар мен оқытушылар қатысты. Іс-шара аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларының дәрістері және практикалық сабақтары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдерінің және белгілі PR-мамандардың шеберлік сыныптары өтті.

Соңғы онжылдықта әлемдік тәжірибеде тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы үкіметтің қызмет барысының жетістігі туралы ерікті шолулардың жыл сайынғы жариялануы бекітілген. Бұл жарияланымдар мемлекет қабылдаған шешімдердің сапасын талдауға және экология саласында неғұрлым тиімді саясатты әзірлеуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жыл Қазақстанда бірқатар министрліктердегі кадрлық өзгерістерінен басталды. Президентіміз Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменовамен кездесуі барысында бірқатар бастапқы міндеттерді, олардың ішінде халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесін атап өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын, антропогендік әсердің салдары туралы түсініктің, табиғи ресурстарды сақтау үшін жауапкершілікті қалыптастырудың жетекші кілттерінің бірі болып табылады. 

  Қысқы мектеп тақырыптарының мазмұнының бірегейлігі, тыңдаушылардың журналистика саласында қосымша білім алуымен қатар, негізгі экологиялық ұғымдармен, қазіргі экологиялық проблемалардың мәнімен және ерекшеліктерімен танысты.

Тыңдаушыларға аз уақыт ішінде экологиялық проблемаларды шешудегі негізгі экологиялық ұғымдармен және инновациялармен танысуға мүмкіндік берілді. Қатысушылар мемлекеттің азаматтық қауіпсіздікті реттеудегі, экологиялық нормалаудағы және өнеркәсіп салаларының ең үздік қолжетімді техникаларға көшуіндегі мәселелерді шешуде өз білімдерін толықтырды.

Осы іс-шара арқылы тыңдаушылар экологиялық сипаттағы ақпаратты объективті талдау және ұсыну, қоғамға экологиялық проблемаларды жариялау, ресурсты үнемдеу, табиғатты ұтымды пайдалану және «Жасыл экономика» қағидаттары туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға ықпал етті. Сондай-ақ, білім алушылар БАҚ-та жариялау үшін сапалы және сенімді мәтіндік және аудиовизуалды экологиялық материалдарды жасаудың әдістемелік дағдыларын жетілдіре алды.

К.К.ХАМИТОВА, О.А.ЗУБОВА, Б.Х.ТҮСҮПОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 81
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 82
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 192
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 195
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 411
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 373
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 992

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9069
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8465
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11693
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9455
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10673