ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРАЛДЫ

ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРАЛДЫ

Түймекент ауылдық округі бойынша өткен жылы 3650 гектар суармалы егістікке ауыл дихандары егін егіп, одан тиісінше өнім алды. Ал биылғы жылы суармалы егістік көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Міне сондықтанда биылғы жылғы көктемгі егістікке шығатын күн жақындағандықтан округ әкімі Қанат Смағұлов егістікпен айналысатын шаруа қожалықтары жетекшілерінің басын қосып, алдағы көктемгі егіске дайындық мәселесін қарады. -«Келісіп пішкен тон келте болмайды» демекші биылғы жылғы егін егу уақыты жақындап келеді. Өткен жылғы кемшіліктерден сабақ ала отырып, алдағы егіс егу науқанына жан-жақты дайындықтармен кірісуіміз қажет. Осыған байланысты округке қарасты екі ауыл дихандарының арнайы бастарын қосып отырмыз. Қандай ұсыныстарыңыз бар, ортаға салыңыздар,-деді Қанат Ерубайұлы. 

-Менің айтайын дегенім ағын су суармалы егістік жерлерге ғана берілуі керек. Судың тапшылығы жылда қайталанып келеді. Қолында техникасы барлар суды өздеріне қарай бұрып алып жатады. Су реттейтін шлюздер жоқ. Суды қажет кезінде көлге қарай бұрып жататындарда бар. Көлдерді ертерек толтырып алуға, егістікті суаратын кезде таласуды тоқтату керек. Бір сөзбен айтқанда егістікке су беруде тәртіп жоқ. Осыны ретке келтіруіміз керек. Бұл ретте өз ортамыздан шаруалар қожалығын құрғанымыз жөн. Судың бізге аз келуінің тағы бір себебі біздің дихандардың басым бөлігі су алуға келісімшартқа отырмайды. Сондықтанда бізге су аз бөлінеді. Содан соң су жүретін каналдарды өзіміз тазалап, шлюз орнына трубалар қойсақ суды реттеуге біршама мүмкіндік болады,-деді ауыл тұрғыны Жомарт Жетібаев.
Ақжарлық дихан Нұрым Тоғызбаев егістіктен пайда табу қиындаған соң жүгері егуді қолға алғанын айтты. Су жетіспегендіктен қызылша егуден қашқақтап отырғанын да жасырмады. Ал Нұрлан Нарекеев болса суды қадағалаудың жоқтығына тоқталса, «Ажар» шаруа қожалығының жетекшісі Гүлзира Бесенбаева су алуда тәртіптің керектігін баса айтты. Сондай-ақ ақжарлық дихандар егістікке ауыл малдарының көп түсуі салдарынан ала жаздай еткен еңбектің еш болатынында айтып қалды. Осы жерде сөзге араласқан округ әкімі Қ.Смағұлов мұндай жағдайда мал егелеріне айыппұл салынатынын, ал шығынды сот арқылы өндіру қажеттігін атап өтті. Алайда, көптеген азаматтар егістікті мал жеп, болмаса таптап кетсе алдымен арыз беріп, артынша ағайынгершілікке салынып, арыздарын қайтарып алып жатады. Соның кесірінен ауыл тұрғындары малдарын қараусыз жіберіп, дихандардың жұмысына кедергілерін келтіріп отырғандығын атап өтті. «Қазсушар» Жамбыл облыстық филиалы Байзақ аудандық бөлімшесінің инженері Махмедәлі Тәжібаев егін суының бағасы өткен жылғыдай болып қалғанын айта келіп, суға қатысты келісімшартқа ертерек отыру керектігін ескертті. Алайда, биылда су тапшылығы болатынын жасырмай дихандарға суды аз қажет ететін дақылдарды егуге кеңес берді. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Нұрғиса Қанқожаев тыңайтқыш, жанар-жағар майларды алу, егінге байланысты берілетін субсидиялар туралы түсінік берді. Сондай-ақ жеңілдетілген бағамен техника алудың тәртібі туралы да айтып өтті.  Округ аумағындағы көлдер, оның суын пайдалану туралы «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Байзақ бөлімшесінің басшысы Исан Бүркітбаев айтып, дихандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. -Біздің егістік жерлер тозып барады. Сондықтанда оны құнарландырмай одан мол өнімге қол жеткізу қиын. Жерді құнарландыруда Биогумусты пайдаланудың пайдасы зор. Бұл ғылыми түрде дәлелденген. Осындай жаңа технологияны пайдалана отырып, жерді құнарландыруға және егістіктен мол өнімге қол жеткізуге болады. Көршілес Түркістан, Қызылорда облыстарында оны пайдалана отырып, жерді тыңайтып, одан мол өнім алынып жатқаны жайлы баспасөзде көптеп жазылуда. Биогумустың бағасы да қол жетімді. Оны пайдаланғанда өсімдіктің иммунитеті көтеріледі, шөлге де, суыққа да төзімді болады. Суды 2-3 есе үнемдеуге қол жетеді. Демек, еткен еңбектің қайтарымы мол болады. Сондықтанда оны пайдаланыңыздар,- деді «KazVerm» комитетінің Жамбыл облысы бойынша төрағасы Серік Қалиев.
Жиынды қорытындылаған округ әкімі Қанат Ерубайұлы айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы еске алынатынын айтып, алдағы көктемгі егіске жан-жақты дайындықтармен кірісу қажеттігін атап өтті.

Сүндетулла ӘБІЛОВ, Түймекент ауылы.
04.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 91
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 101
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 562
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 510

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9211
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8608
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11834
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9604
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10817