«ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ҮЛЕСІ БАР БОЛҒАНЫ 5% ҚҰРАДЫ

«ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ҮЛЕСІ БАР БОЛҒАНЫ 5% ҚҰРАДЫ

2022 жылғы 9 қарашада «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының ғимаратында ұлттық компаниялардың құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне ІІІ тоқсанда жүргізілген мониторинг қорытындысы талданды.

 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 4-бабында  «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі болып табылады» делінген.

Соған қарамастан мониторинг қорытындысына сәйкес ұлттық компаниялардың мемлекеттік тілдегі құжатайналымының үлесі 70% құрады.

Соның ішінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (5%),  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (34%), «Қазақстан темір жолы» АҚ (34%), «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (36%), «QazExpoCongress» ҰК» АҚ (39%), «KEGOC» АҚ (49%), «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (51%) және т.б. мемлекеттік тілде іс жүргізу үлесі тым төмен.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ іс-қағаздарын 95% орыс тілінде жүргізетінін атап өтпеске болмайды.

Осы орайда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қаба Әділбек Күнесханұлы «Еліміздегі тіл саясаты мемлекет дамуындағы маңызды стратегиялық бағыттардың бірі болса, ұлттық компаниялардағы құжат айналымды мемлекеттік тілде жүргізу осы саланың дамуына серпін беретін шешуші тетіктердің бірі» - дей келе, Алаш ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің «Кеңсе тілі қазақша болмай іс оңалмайды» деген сөзімен ойын қорытындылады.

Жиын бағдарламасына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ-ның Мемлекеттік тіл саясаты секторының жетекшісі Қыдырбай Ұлан, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің лингвистикалық бағыт жетекшісі Шоқаева Алма және «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ның бас маманы Қилыбаева Аяжан мекемелерінде тіл саясатының іске асырылу барысы жайлы баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

Жиын қорытындысы бойынша ұлттық компанияларға шығыс және ішкі құжаттарын мемлекеттік тілде дайындау мәселесін қатаң бақылауға алу ұсынылды.  

Айта кету керек, ұлттық компаниялардың мемлекеттік тілдегі құжатайналымының үлесі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 96,5% құрауы тиіс.

 

11.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 320
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 313
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 936

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9009
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8404
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11630
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9388
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10614